Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

жас ұрпақ үшін абай мұрасының өнегелік тәрбиесі.шығарма

5-9 класс

умница509 07 нояб. 2016 г., 8:42:56 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Tonechka2003
07 нояб. 2016 г., 11:40:55 (7 лет назад)

байдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік - билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би - болыстардың қулық - сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт - сана, әдет - ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би - болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876 - 1978 ж. Қоңыр - Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп - жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.

Ответить

Другие вопросы из категории

Напишите сочинение на казахском языке "подарок"

1. Сыйлыкты кашан Берген жон?
2. Сыйга не тартуга болады
3. Кiмге кандай сыйлык беруге болады?
4. Сыйлыкты кабылдау
5. Досымнын туган кунiне сыйлаган сыйлыгым.
прошуууууууу очень

Читайте также

Переведите пожалуйста текст Республикалық педагогика мұражайы Алматыда Республикалық педагогиқа мұражайы

педагогика жұртшылығының тілегі бойынша 1984 жылы құрылды.Мұражай А"С"Макаренконың туғанына 100 жыл толуы салтанатына орай 1988 жылы ашылды. Мұражай экспозициясы республикамыздағы халық ағарту ісінің тарихын,оның қалыптасуы мен өркендеп дамуын жан жықты баяндайды.Мұнда әзірше бір мыңдай жәдігер топтастырылған.Көрерменнің көңілін аулар әр түрлі құжаттар,фотосуреттер,әр кезде шыққан оқулықтар және басқа да көптеген материалдар педагогика мен ағарту ісінің өркендеу жолдырымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ "Казмузейреставрация" бірлестігі суретшілерінің мүсіндік, графикалық жұмыстарымен әсем безендірілген мұражай қазақ мектебінің алғашқы кездегі тыныс-тірлігімен,өсу-өркендеу жолдарымен,жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қалыптасқан өзіндік дәстүрімен кеңінен таныстарды,

Помогите пожалуйста! перевести

Әбілхан Қастеев 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген. Жаркент қаласында, кейіннен Түркісіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таң қалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

Ә. Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 жылы ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К. Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады. 1942 жылы Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.



Вы находитесь на странице вопроса "жас ұрпақ үшін абай мұрасының өнегелік тәрбиесі.шығарма", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.