Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

КЕЙДЕ СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП МҰНАЯМЫН, КЕЙДЕ ҚУАНЫШТАН БАСҚА БІР ӘЛЕМГЕ БЕТ АЛҒАНДАЙ БОЛАМЫН . СУРЕТШІНІҢ БҚР СУРЕТШІНІҢ ӨЗІНДЕ БІР ӘЛЕМ ЖАТҚАНДАЙ ... ДАЛЬШЕ

5-9 класс

ПРОДОЛЖИТЕ (НЕ МЕНЕЕ 5 ПРЕДЛОЖЕНИЙ)

Sablin923 05 апр. 2015 г., 2:15:32 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
FJISD
05 апр. 2015 г., 4:31:25 (9 лет назад)

КЕЙДЕ СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП МҰНАЯМЫН, КЕЙДЕ ҚУАНЫШТАН БАСҚА БІР ӘЛЕМГЕ БЕТ АЛҒАНДАЙ БОЛАМЫН . СУРЕТШІНІҢ БҚР СУРЕТШІНІҢ ӨЗІНДЕ БІР ӘЛЕМ ЖАТҚАНДАЙ. Суреттердің тұнығына үңіле алсаңыз, сіз өзіңіз білмеген әсемдік пен үйлесімдікті байқар едіңіз. Себебі сырланған бояулар талай сырларды жасырып келеді. Оларды адам көзімен емес, тек жан көзімен ғана көруге болады. Сізді қиялға жетелеп, бойыңызды сезімге толтырады. Ол үшін суретті жаныңызбен сезіне алуыңыз керек.  Сонда ғана сіз суретшінің сізге айтпақ ойын түсінесіз. Міне, бір ғана матаға немесе қағаз бетіне салынған суреттің кереметі осында. 

Ответить

Другие вопросы из категории

Урджар - это районный центр который, находится в Восточном Казахстане. Здесь очень много зелени. А в последнее время активно развито благоустройство

села. Здесь появилась Аллея Героев. Там расположены монументы наших героев-земляков, которые трудились на благо Родины. Вся аллея утопает в цветах, а в тени деревьев можно посидеть на лавочках. Еще одним местом для отдыха является парк « Болашак». Здесь тоже очень красиво. В центре Урджара работает фонтан, который в темноте меняет цветовую окраску. Недавно был открыт музей, новая спортивная школа, новый стадион. Скоро откроется Детский театр. Началась стройка аква-парка.

Переведите Срочно надо!!!!!!!!!!

Читайте также

перевидите текст: Кешкі астан соң Василий сабағына отырды. Ал Тишко менің әліппемді алып әріп

үйрете

бастады. Мен бұл алфавитпен таныс едім. Бірақ әкем үйреткенде Б мен В-ның,
К, Г және

X әрпінің, С мен Ц-ның, Е, И, Э және Й әріптерінің айырмасы жоқ сияқты
бірдей естілуші

еді. Ал Ъ, Ы, Ь әріптері дегенді естіген емеспін. Гончаровтар бәрін анықтап
ұзақ үйретеді.

Амал қанша, жуығырақта басыма қонар емес.



Ал, кәне, — Василий деп айтып көрші.



Басиль, — деймін мен оған.

—Жоқ, Басиль емес, Василий,—дейді Тишко,—түсіндің бе, В, Ва...



Бесиль, — деймін мен. Сөйтемін де одан — солай ма деп сұраймын.



Жоқ, тағы да дұрыс айтпай отырсың, Бе емес, Ва, Васи-лий. Түсіндің бе?

Олар осынау қиын әріптер кездесетін орыс және қазақ сөздерін мысалға
келтіреді. Бірақ

миыма кіріп жатқаны шамалы.

Орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталған еді.

Василий екеуміз мектепке қарай жүгірдік. Тысқа шықсақ, әр үйден кітап
ұстаған балалар

өріп келеді екен. Бізге келіп қосылған соң, бәрі мені түртпектей бастады.



Бұл, қай «қырғыз», Василь?



Бұл — біздің танысымыз Момыштың баласы, енді бізбен бірге оқитын болады, —

деді Василий.



Өзі орысша біле ме?



Аздап біледі. Үйреніп кетеді ғой.



Әліппені біле ме, жоқ па?



Оны аздап біледі.



Жазуын қайтеді?



Өзің қалай үйреніп ең? — деп дүрсе қоя берді Василий.



Сен сияқты бұл да үйренеді.



Өзі қайда тұрмақ?



Біздің үйде, менімен бірге тұрады, — деді Василий.

Осы кезде қоңырау үні естіліп еді, балалар мектепке

қарай жүгірді. Есік алдында көз нұры тайған, көнелеу тері құлақшын киген
шал кішкене

қоңырауды сілкілеп, безілдетіп тұр екен.

Класқа балалардың соңынан кірдім. Оқушылар шешініп, сыртқа киімдерін іліп
жатыр.

Оларды көріп мен де шапаным мен құлақшынымды шешіп, ең шеткі шегеге ілдім.

Мұғалім келді. Барлық оқушылар орнынан тұрды. Мұғалім сәлемдесіп еді,
оқушылар бәрі

де бір дауыспен «сәлеметсіз бе, Мария Ивановна» деді.

Сабақ басталды. Мұғалім әліппені ашты да, тақтаға қасымдағы қызды шақырды.
Ол үй

тапсырмасын тақылдап айтып берді. Бормен қара тақтаға үлкен әріптің
жазылғанын

тұңғыш рет сонда көрдім. Қыз бірнеше сөз жазды да, оны өшірген соң орнына
келіп

отырды. Тақтаға тағы бір бала шығып, әлгі сөздерді жазып еді, талай қате
жіберіпті.

Мұғаліміміз сол арада түзетіп көрсетті... Әрине, мен оның көбін түсініп
отырғам жок.

Екінші сабақта мұғалім оқушыларға тапсырма берді де, мені. шақырып алып
қасына

отырғызды. Әліппені ашып, жеке түсіндіре бастады.

— Көрдің бе, әліппені біледі, — деді Василий қасындағы балаға.

Мұғалім менен әліппені сұрады. Алфавиттің бәрін айтып бердім. Мұғалім ретті
жерінде

түзеп отыр. «Ве, Ка, Ха, Це, Ша, Ща, Че, Ю» деп ол мен дұрыс айтпаған
әріптерді

қайталады. Сонан соң әлгі әріптерді әдемілеп жеке жазды да:



Міне, осыларды жаттап кел. Оқу мен жазуды кейін бастармыз.

Енді ол әліппені ашты да, бір бетіндегі жазуды жаймен оқып шықты. Мағынасын

түсіндірді. Оқушылардың өздеріне оқытты

Үшінші сабақ— есеп екен. Қызықты өтті. Сабақ алдында мұғалім үйге берген
тапсырманы

шығардыңдар ма, деп сұрады. Оқушылар шығарып келіпті. Мұғалім тақтаға есеп
жазды.



Бәрің де осылай жазып келдіңдер ме? — деп сұрады.



Бәріміз де, — деп шу ете қалды оқушылар.

Мұғалім дәптерлерді тексеріп, қателерін көрсетті. Шығару жолдарын тақтаға
жазып

көрсетті. Сонан соң жаңа есеп түсіндіріп, үйге тапсырма берді. Оқушылар
тақтадан

тапсырма көшіріп жатқанда, мұғалім менің қасыма келді. Дәптеріме анықтап
тұрып онға

дейін сандарды жазып берді.



Один — бир, два — еки, три — үш, четыре — торть, — деп аудармасымен

түсіндіре бастады. Маған қайталатып еді, мүдірмей санап бердім. Өйткені
орысша жүзге

дейін мүдірмей санай алатынмын. Оқушылар мен жаққа райсыз қарап қапты.
Мұғалім

оларға жауап бергендей: — Иә, орысша санай біледі екен, — деді.

Мақтауға мәз болып, жиырмаға дейін санадым.



Жақсы, — деп құптады мұғалім, — бірақ «дбанасат» емес — «двенадцать,

тринадцать» деп айт. «Шеснасат» емес, — «шестнадцать». «Дебетнасат» емес —

девятнадцать». Түсіндің бе? — деп сұрады. Василийге де менің дұрыс айтуымды

қадағалауды тапсырды.

Менің орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталып еді.

Гончаровтардың көмегімен мен жаман оқығам жоқ. Кемпір мен шалдан басқасы
маған

қамқор болып, сабақ үйретеді. Шал мен кемпірдің өздері сауатсыз еді.
Есептен жүйрік боп

шықтым. Бірақ есеп жолдарын дәптерге ретімен жаза бермейтінмін. Ойша
шығарып,

жауабын ғана жаза салам. Мұғалім бұған қиналатын. Сабақ сайын есеп жолдарын
жазуды

түсіндіреді. Тілді нашар білетіндіктен мұғалімнің түсіндіргенін шала-пұла
ұғушы ем.

Бірақ ол үйретуден жалыққан емес.

Әліппе оқитын болдым. Дәптеріме де бірлі-жарым өрнектер түсе бастады. Көп
сөзді

түсінбесем де, көшіре беретінмін. Сөздің мағынасына мән бермесем де, жаттап
алушы

ем...

Күн сайын орыс балаларымен достасып, оқуым да жақсара берді...

Жапсырмадағы №7, №8 суреттерге қарап, мәтін құраңдар

Пожалуйста, около пяти-шести предложений хватит

переведите текст на русский Әженің әлдиі Абайдың кәрі әжесімен,өз шешесімен бірге тұратын үйі осы еді...Кәрі әже кунгі машығы бойынша бесік жырын

айтады.Өте өзгеше, ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры.Бірақ кәрі әжесінің өзіндей соншылақ жақын,ыстық,сүйікті жыры.Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын,Сол күндерден бір сөзі де өзгермеген,ана жүрегіндегі айнымас жыр..

помогите первести текст на русский язык

Сексен сом
Ертеңгі шайын ішіп, қора-қопсысын оңдайын
деп Қараша іші болсада қар жаумаған, жер қара. Күзгі ауаға қыстың ызғары қосылып,
аспандағы сұр бұлтты ызғырықтау болып тұрған. Үйден шыққан тесік болып тұрған
лапастан соққан жел Егеубайдың шайдың шығарған терін жойып жіберді. Кабағын дапастың
алдында тұрып, ақтымақтың үзік бауы тысқа шығып бір-екі аттап жүре берем
дегенде қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды: «оңдап тастамасам болмас»
деп темір күрегін алып үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат тықыры мен
Егеубайды танып жем ізденіп оқыранып: «керек екен, сен түгіл балаларға да нан
жоқ!» - деді үһірлеп.Өзі шомына айналып,тастаған көңін үске салып жатқанда, біреу келіп:
-Ассалаумалейкүм! - деді. Өзі шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
көтеріп:
-Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің? Бір-екі басын көрінбей жүрсің?- деді
Тынымбай. Шомын басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай келдім дейсің бе? Не
жаңалық бар? «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты дегеннің ішінде бір сұсты жігіт бар,
сірә, бастығы болса жүріп кетті. Болысқа: «тез ақша жиып, сол ақшаны
ауылнайларға бөліп... Біздің ел басқа ауылға ауыстырдық. Сонымен қалған бөлгенде
сексен сомнан келді. «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жер безгек
болған кісідей қалтыранып, аузы «сексен сом!» деп айта берді.Егеубайдың неден
сасқаны оған жұмбақ, солып қалды ма деп, ол шегіне берді. «Бай салық» деді
Егеубай есін жиғандай боп.
- «Бай салықты» ескеріп
едік-ау, ауылнай ырық бермеді: «Бізде өлмелі кедей жоқ, бәрі де төлей алады» -
деп, лажсыздықтан көндік.
- Апырым-ау,
сексен сом дейді?! - деп Егеубай ілгері-кейінді жүрді.
Тынымбай кетіп отырды. Егеубай,
албар ішінде бірсыпыра жүріп, үйіне кірді. Қатыны Егеубайдың тозған
киімін жамап отыр еді. Егеубайды көзі шалуы-ақ мұң екен:
- Осы
үйде бүгін бір түйір шай жоқ. Қызыл келіннен қарызға шай алып ем, о да сұрайтын шығар. Шай қарастырып бақсайшы, - дейді.
- Қой
қатын, шайдың жөні болар,
мына сексен сомды айт! - деді.
- Қайдағы
«сексен сом?»
- Қайдағы
дерің бар ма, «Алашорда» ашылыпты, соның расқоты, салығы.
- Ордасы
не? - деп қатыны таңданып
еді.
- Білмесең
сұрама. Сен түгіл өзім де анық білмеймін, әйтеуір «алашорда»,
«ақша» дегеніне ғана түсіндім...
- Сорымыз
қайнаған екен ғой, - деп қатыны ауыр күрсінді.
Егеубай отырып терең ойға батты, дүние
кемшілігі, шаруасының ретсіздігі көз алдына елестеп, бір түрлі тынышсыздыққа
айналдырғандай болды.Бұдан бір ай бұрын «алаш» жігіттерін милиция қызметіне аттандырғанда,
өз аулынан шыққан Көркемтайдың баласына берілетін бес мың сом мен Еркебайдың
жорғасына төленген үш мың сомды бөлгенде де, үй басына 80 сомнан келіп еді. Егеубай
ол жиылыстың ішінде өзі де болып, 80 сомды төлемеймін десе де, жігіт жинай
келген делегатқа бір қулар «мынау большевик қарсылық қып тұр»
деп шағым беріп, Егеубай ұсталып қала
жаздап, 80 сомды біреуден қажет әперіп
зорға құтылып еді. Сол борышына қатынының былтырғы төркіндеп әкелетін жалғыз қызыл сиырдың тайыншасын беріп,
зорға құтылып еді. Мына сексен сомға орын жоқ. Алым ақшасын сұрап ауылнай бір
жағынан дігірлейді. Аршынын 12 сомнан алып ақшасын күз беремін деп, қатынына көйлек кигізген борышы тағы бар. Ералы
саудагерден 100 сомға бір тақта шай алып еді, соны да төлеген жоқ. Бірер қара болса да соғым
соймай тағы отыра алмайды. Күзгі алған
15 пұт егіннін сегіз-ақ пұты қалған. Шиеттей жас балаларды
нансыз тағы болмайды. Үй -іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде-бірін орындай алмай отырган Егеубайдың мойнына сексен сом, неғып саспасын?!-деп ауыр күрсінді. «Делегаттар келіпті» деген хабар іңір әлегіне түсті.
Мұны есіткенде Егеубайдың көз алдына елестей кетті. Бойы мұздап
қалтыранды. Сексен сомдар
жаналатын әзірейіл секілді көрінді.Тұла бойы, жүрегі дүрсілдеп, тамағына бір нәрсе тұрған секілді күйге
ұшырады. Қатыны шайын демдеп берсе
де , Егеубай
бұрынғыдай жадырап іше алмайды.
Сүт салмадан бір аяқ ішіп алып, «80 сом» мен ауылға келген делегат ақша табатын орын жоқ. Бермей тағы болмайды.Кесе
қолынан домалады. Асып-сасып, жамаулы күпіні киіп жүре бергенде, қатыны
дауыстады: Сорлы-ау, тымағыңды кисейші, құлағым ауырып жүр деп ең ғой, жел ұстар!..
Ауылнайдың үйі.
Төр алдында солдат киімді үш жігіт. Қара бұжыр жігіт іріленген түрмен жанындағы екі жолдасына бастық
тәрізденіп отыр.
- Ішіңдер, қонақтар, май жеңдер,
қарындарың ашар, - деп қояды ауылнай.
Егеубай апалақтап кіріп,
сасқанынан сәлем берді. Босаға жаққа отыра қалып:
- Аманбысың,
ауылнай? - деп еді, ауылнай ернін жыбырлатты да қойды.
Біраздан кейін жігіттерге:
- Мынау
отырған Егеубай деген қартымыз, бұл
кісіден сексен сом тиіс, - деді.
«Сексен сом» десе Егеубайдың
жаны, бар тұла бойы дір ете түседі.
- Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, - деді қара бұжыр.
- Ойбай,
шырағым, ақша жоқ!
- Ақша
жоқ деген не сұмдық? Біз
ондайды естімейміз!
- Не
көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, - деп жолдасы күңкілдеді.
- Отағасы,
ақша тап.
-



Вы находитесь на странице вопроса "КЕЙДЕ СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП МҰНАЯМЫН, КЕЙДЕ ҚУАНЫШТАН БАСҚА БІР ӘЛЕМГЕ БЕТ АЛҒАНДАЙ БОЛАМЫН . СУРЕТШІНІҢ БҚР СУРЕТШІНІҢ ӨЗІНДЕ БІР ӘЛЕМ ЖАТҚАНДАЙ ... ДАЛЬШЕ", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.