Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Помогите пожалуйста!Сочинение Менің Анам. Не менее 7-ми предложений. Желательно с переводом(что бы я знала о чём речь). Заранее

5-9 класс

спасибо.

Diana0553 19 янв. 2014 г., 22:31:14 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Aidabayazitova
19 янв. 2014 г., 23:39:42 (10 лет назад)

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

Ответить

Читайте также

Помогите пожалуйста перевести текст с казахского языка на русский.Сүйкімді достарым.Менің атым - Дарқан. Мен үш жануарларын өте жақсы көремін. Маған

ата-анам үйде көжектерді ұстауға рұқсат берді. Көжектерге шөп, жемін өзім беремін. Су құйып тұрамын. Астарын тазалаймын. Анаммен келісім солай болған, егер мен оларды жақсы бағып-күтсем, менің көжектерім біздің үйде тұра береді. Көжектерді торда ұстаймын, себебі олар жердің астын қазып, басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін.
Әсіресе маған көжектерді сыртынан бақылаған ұнайды, сондай қызық. Таңғаласын, сәбіз берсең, екі алдыңғы аяғымен ұстап тұрып, тез-тез жеп қояды. Суды да тез ішеді. Олар өте сүйкімді.
Менің күшігім де бар. Әкем туған күніме сыйлаған. Оның аты - Ақтабан. Олай атауымның себебі, ол өзі қап-қара, ал аяқтарының ұшы мен табандары аппақ. Сондай тынымсыз, ойнағанды, секіріп, жүгіргенді жақсы көреді. Құйрығы қыпқысқа, құлағы ұзындау, көзі доп-домалақ. Ақтабан берген бұйрықтарды түсінеді - "отыр" десең, отырады, "аяғыңды бер" десең, береді, таяқты алыска лақтырып, "алып кел" десең, алып келеді. Менің қасымнан кетпейді, құйрығын бұлғаңдатып, үнемі аяғыма оралып жүреді. Мен оны өте жақсы көремін. Осындай сүйкімді достарымды мектептен келгенше сағынамын.

Помогите пожалуйста перевести текст,только не через переводчик.он не правильно переводит:

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала
еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болды. Қасиетті Түркістанды Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

Помогите, пожалуйста!

Нужно срочно написать сочинение по казахскому языку на тему: сурет галереясына барғым келеді, а у меня никаких идей нет. Помогите, пожалуйста.

напишите пожалуйста сочинение : тіл білу - өнер на казахском языке

заранее спасибо! а то у меня только 2 балла осталось помогите пожалуйста

ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕСТИ! СРОЧНО НУЖНО

Жапан даладағы үйдің қасында қудық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.
Құдық басында ұзын арқанға байланған шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып, су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.
Бірде байлаулы арқан үзіліп, шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Мал суаруға да шелек таба алмай, қолы кесілгендей болды.
Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз салып, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.
-Бұл не қылғам адам? - деп сұрады немересі атасынан.
-Бұл жартылай адам, деді атасы.
Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Таңдайы құрғаған кісі арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды.



Вы находитесь на странице вопроса "Помогите пожалуйста!Сочинение Менің Анам. Не менее 7-ми предложений. Желательно с переводом(что бы я знала о чём речь). Заранее", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.