Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

ғажап, шақ ,қараулық,уәде,айла,жан сөздерге синоним

5-9 класс

Katyaangell 02 авг. 2013 г., 10:27:18 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Vuginova
02 авг. 2013 г., 12:13:56 (10 лет назад)

tamasha,kimil areket,sert beru, uabe beru,ailasi asty,adamnin zhani

Ответить

Читайте также

сократите пожалуйста текст, мини сочинение)) помогите пожалуйста, лапули))))) Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда

қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.

ПЕРЕВОД ТЕКСТА:

Көктем келіп, жер жасарып, ағаштар жапырақтап, дүние жаңарып тұрған кез еді. Құс атаулы үй салуды білмепті. Бұл Бүркіттің жанына қатты батыпты. Ол әрі ойланып, бері ойланып амалын таба алмапты. Күн сайын бір жылға қартайып отырыпты, бара-бара ұша алмайтын халге жетіпті. Содан кейін ол бір амалын тауып, қырғи, қаршыға, лашын, күйкентайды жинап алып былай депті:-Жер бетіндегі барлық құстарды лезде жинап әкеліңдер,-дейді. Бүркіт айтқан бойда төртқұс төрт жаққа ұшып барлығын жинап алып келді. Бүркіт:-Бәрің түгел келдіңдер ме, араларыңда ешкім қалып қойған жоқ па, қайтадан қараңдар, -дейді тыныстап. -Көкектен басқамыз түгелміз,-дейді құстар. Бүркіт қанатын жайып отырып бұлай қаннен қаперсіз жүре беруімізге болмайды. Жер бетінде аяқ басар жер жоқ, жұмыртқаларымыз өздігінен шіріп, қалғандарын жан-жануар жеп қойып жатыр. Үй салуымыз қажет,-дейді. -Қалайша,-дейді көкек.-Адамдардың қолы бар, ал біздің қолымыз жоқ. Олар күшті, ауыр заттарды көтере алады. Біз қалай үй саламыз? Бүркіт:-Көкек сен тілің мен жағыңа сүйенбей, одан ерінбей үй салудын амалын ойла, болмасаң да ұқсап бақ. Бәрің де адамдардың қалай үй салатынын бақылаңдар. Сол кезде қарлығаш:-Дұрыс айтасың Бүркіт ием. Адамдар үйді жақсы салады. Біз де олардан үйренуіміз керек. Бүркіт:- Мен де соны айтып отырмын,-дейді. Бүркіт қарлығаштың сөзінен кейін бір жасап қалды. Енді үш аптадан соң мен бәріңді қарап шығамын. Бәрі Бүркіттің айтқанын бұлжытпай орындауға кіріседі. Үш айтадан кейін құстар үйлерін сала бастайды. Міне, қстар үй салуды адамдардан үйренген екен.Бұл өзімнің түсінгенімді жазғаным. Қате болса өзің түзеп аларсың.

помогите первести текст на русский язык

Сексен сом
Ертеңгі шайын ішіп, қора-қопсысын оңдайын
деп Қараша іші болсада қар жаумаған, жер қара. Күзгі ауаға қыстың ызғары қосылып,
аспандағы сұр бұлтты ызғырықтау болып тұрған. Үйден шыққан тесік болып тұрған
лапастан соққан жел Егеубайдың шайдың шығарған терін жойып жіберді. Кабағын дапастың
алдында тұрып, ақтымақтың үзік бауы тысқа шығып бір-екі аттап жүре берем
дегенде қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды: «оңдап тастамасам болмас»
деп темір күрегін алып үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат тықыры мен
Егеубайды танып жем ізденіп оқыранып: «керек екен, сен түгіл балаларға да нан
жоқ!» - деді үһірлеп.Өзі шомына айналып,тастаған көңін үске салып жатқанда, біреу келіп:
-Ассалаумалейкүм! - деді. Өзі шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
көтеріп:
-Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің? Бір-екі басын көрінбей жүрсің?- деді
Тынымбай. Шомын басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай келдім дейсің бе? Не
жаңалық бар? «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты дегеннің ішінде бір сұсты жігіт бар,
сірә, бастығы болса жүріп кетті. Болысқа: «тез ақша жиып, сол ақшаны
ауылнайларға бөліп... Біздің ел басқа ауылға ауыстырдық. Сонымен қалған бөлгенде
сексен сомнан келді. «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жер безгек
болған кісідей қалтыранып, аузы «сексен сом!» деп айта берді.Егеубайдың неден
сасқаны оған жұмбақ, солып қалды ма деп, ол шегіне берді. «Бай салық» деді
Егеубай есін жиғандай боп.
- «Бай салықты» ескеріп
едік-ау, ауылнай ырық бермеді: «Бізде өлмелі кедей жоқ, бәрі де төлей алады» -
деп, лажсыздықтан көндік.
- Апырым-ау,
сексен сом дейді?! - деп Егеубай ілгері-кейінді жүрді.
Тынымбай кетіп отырды. Егеубай,
албар ішінде бірсыпыра жүріп, үйіне кірді. Қатыны Егеубайдың тозған
киімін жамап отыр еді. Егеубайды көзі шалуы-ақ мұң екен:
- Осы
үйде бүгін бір түйір шай жоқ. Қызыл келіннен қарызға шай алып ем, о да сұрайтын шығар. Шай қарастырып бақсайшы, - дейді.
- Қой
қатын, шайдың жөні болар,
мына сексен сомды айт! - деді.
- Қайдағы
«сексен сом?»
- Қайдағы
дерің бар ма, «Алашорда» ашылыпты, соның расқоты, салығы.
- Ордасы
не? - деп қатыны таңданып
еді.
- Білмесең
сұрама. Сен түгіл өзім де анық білмеймін, әйтеуір «алашорда»,
«ақша» дегеніне ғана түсіндім...
- Сорымыз
қайнаған екен ғой, - деп қатыны ауыр күрсінді.
Егеубай отырып терең ойға батты, дүние
кемшілігі, шаруасының ретсіздігі көз алдына елестеп, бір түрлі тынышсыздыққа
айналдырғандай болды.Бұдан бір ай бұрын «алаш» жігіттерін милиция қызметіне аттандырғанда,
өз аулынан шыққан Көркемтайдың баласына берілетін бес мың сом мен Еркебайдың
жорғасына төленген үш мың сомды бөлгенде де, үй басына 80 сомнан келіп еді. Егеубай
ол жиылыстың ішінде өзі де болып, 80 сомды төлемеймін десе де, жігіт жинай
келген делегатқа бір қулар «мынау большевик қарсылық қып тұр»
деп шағым беріп, Егеубай ұсталып қала
жаздап, 80 сомды біреуден қажет әперіп
зорға құтылып еді. Сол борышына қатынының былтырғы төркіндеп әкелетін жалғыз қызыл сиырдың тайыншасын беріп,
зорға құтылып еді. Мына сексен сомға орын жоқ. Алым ақшасын сұрап ауылнай бір
жағынан дігірлейді. Аршынын 12 сомнан алып ақшасын күз беремін деп, қатынына көйлек кигізген борышы тағы бар. Ералы
саудагерден 100 сомға бір тақта шай алып еді, соны да төлеген жоқ. Бірер қара болса да соғым
соймай тағы отыра алмайды. Күзгі алған
15 пұт егіннін сегіз-ақ пұты қалған. Шиеттей жас балаларды
нансыз тағы болмайды. Үй -іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде-бірін орындай алмай отырган Егеубайдың мойнына сексен сом, неғып саспасын?!-деп ауыр күрсінді. «Делегаттар келіпті» деген хабар іңір әлегіне түсті.
Мұны есіткенде Егеубайдың көз алдына елестей кетті. Бойы мұздап
қалтыранды. Сексен сомдар
жаналатын әзірейіл секілді көрінді.Тұла бойы, жүрегі дүрсілдеп, тамағына бір нәрсе тұрған секілді күйге
ұшырады. Қатыны шайын демдеп берсе
де , Егеубай
бұрынғыдай жадырап іше алмайды.
Сүт салмадан бір аяқ ішіп алып, «80 сом» мен ауылға келген делегат ақша табатын орын жоқ. Бермей тағы болмайды.Кесе
қолынан домалады. Асып-сасып, жамаулы күпіні киіп жүре бергенде, қатыны
дауыстады: Сорлы-ау, тымағыңды кисейші, құлағым ауырып жүр деп ең ғой, жел ұстар!..
Ауылнайдың үйі.
Төр алдында солдат киімді үш жігіт. Қара бұжыр жігіт іріленген түрмен жанындағы екі жолдасына бастық
тәрізденіп отыр.
- Ішіңдер, қонақтар, май жеңдер,
қарындарың ашар, - деп қояды ауылнай.
Егеубай апалақтап кіріп,
сасқанынан сәлем берді. Босаға жаққа отыра қалып:
- Аманбысың,
ауылнай? - деп еді, ауылнай ернін жыбырлатты да қойды.
Біраздан кейін жігіттерге:
- Мынау
отырған Егеубай деген қартымыз, бұл
кісіден сексен сом тиіс, - деді.
«Сексен сом» десе Егеубайдың
жаны, бар тұла бойы дір ете түседі.
- Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, - деді қара бұжыр.
- Ойбай,
шырағым, ақша жоқ!
- Ақша
жоқ деген не сұмдық? Біз
ондайды естімейміз!
- Не
көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, - деп жолдасы күңкілдеді.
- Отағасы,
ақша тап.
-



Вы находитесь на странице вопроса "ғажап, шақ ,қараулық,уәде,айла,жан сөздерге синоним", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.