Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

сочинение на тему моя мама на казахском языке

5-9 класс

0607maksimka1999 26 янв. 2017 г., 11:37:21 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Yuliyamyakuschk
26 янв. 2017 г., 13:55:34 (7 лет назад)

Бұл жазбаны осы жолы жазуыма бірнеше адамның сұраныстары себеп болды деуге де келетін шығар. Оның үстіне өзім де жазғым келген. Бірақ қу басқа түрлі ойлар келіп сол бойына жазылмай қалған болатын… Сосын ойландым. Анамның бойындағы бар қасиетін жазудың қандай кінәраты бар?! Әрі оған деген перзенттік махаббатты жеткізудің несі айып?! Әрине, анаға деген құрмет жазумен өлшенбейді! Бірақ жазудың да мақсат-мұраты бар. Бұл кішігірім әңгімемді қүйбең тірліктің тасасында жүрген бауырларым оқыса, бәлкім олардың да анасына деген махаббаты түлеп, еселенер деген оймен бір шешімге келдім. Себебі, өзім де ана туралы өлең, әңгімелерді оқып, не болмаса ән тыңдай отырып, соны қалдырған жазушының (автордың) кейпіне еніп алып жаным рақат тауып қалатын.
Менің анам қатал. Бізді жиі ұрсатын. Сондықтан да бала күнімде кейде кейбір жолдастарымның аналарына қызыға қарайтынмын: Неткен жақсы, баласын ешқашан ұрыспайды. Баласы не істегісі келсе, соны істейді. Баласының айтқанын екі етпей орындайды… Ал менің анам бізді еркімізге жібермей, тек өзінің темірдей тәртібінің шеңберінде ғана ұстайтын. Әрбір ісімізге, жүріс-тұрысымызға қатты көңіл бөлетін. Ол уақытта мұның бәрі бізге ұнамайтын. Алайда осының бәрін тек іштей ойлаймыз. Себебі, «Мама неге бұлай…» деп айтуға ешқайсысымыздың батылымыз жетпейтін. «Сенің анаң қатал иә?» дейтіндер де болды. Сонда «менің мамам жұрттың жүзіне неліктен ыржиып қарамайды екен» деп ойлайтынмын…

Қазір барлығымыз кейде «баланың аты – бала екен ғой…» деп өткенді айтып күліп аламыз. «Кім нені көргісі келсе, соны көреді» демекші, тек анамызды айдаһардай көрген біз екенбіз. Енді қазір бұрынғы көрқарасқа кереғар ойлаймын: Менің анам неткен жұмсақ!.. Не деген дана!.. Неткен ақылды!… дейтін болдым.

Бізді анамыздың туралығы тәнті етеді. Қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Әкем адам көңіліне көп қарайды. Ал анам шындықты айтушы. Барды – бар, жоқты – жоқ дейді. Сол үшін де жұмсақ сөзге үйір басқаларға ұнамайтын шығар деп қоям. Алайда, менің анам сияқты салмақты, сабырлы, турашыл, кеңпейіл қасиетке көбіміз кедейміз. Кейбір туыстарымның балаларына көңілім толмай қараймын. Сонда «шіркін, анамның тәрбиесіне салып алар ма еді, осыларды» деп кейде пенделікпен ойлап та қоямын.

29 жасында 6 балалы болған анам, расымен де батыр ана. Машақаты бітпейтін ауылдың ауыр тірлігі көпшілікке мәлім. Үлкені небәрі 10-да, ал кішісі – мен жөргекте… Шұрқыраған алтаудың алты түрлі тілегі бар… Алтауы да жыласа алты түрлі дауыспен жылайды… Алтауы алты түрлі тамақ жегісі келеді… Алтауын бірдей шомылдыру… Алтаудың тәрбиесімен айналысу… Мұнымен бітпейді. Әкем іс-сапарымен кеткенде даланың шаруасы осы пейнетке келіп қосылады…

Осыларды қазір ойласам, анамды арқама салып алып, аяғын жерге тигізбей көтеріп жүргім келеді. Бірақ біздікі сөз күйіндегі махаббат… Сол себептен де анамыздың бізге берген бір қасық асын өтеу әзірге қиын болып жүр.

Адамдар арасында ананың балаға деген махаббатынан артық, күшті сезім жоқтай көрінеді. Жұмсақ тәртіп көрсек, бәлкім анамыздың қадірін де білмес пе едік?! Егер өмірден бірдеңе үйреніп, сәл де болса жалғанның сырын түйсініп жатқан болсақ, осының бәрінде де асыл анамыздың үлкен үлесі жатыр…

Өмірдің осыншама қиындықтарын көрген анама мен аяушылықпен қарамаймын. Себебі өмір әркімді бір-біріне ұқсамайтын сынағына салады. Арманым – анам біздің емес, Алланың бағалауына іліксе. Ал тілегім – Алла анамның құлшылығын қабыл етсе. Ал бұл жалғанда менің ата-анам бақытты жандар деп ойлаймын…
Алпысқа таяған анам, әзірге бір келін, үш күйеу балалы, бірнеше немерелі болды. Қазір менің елге оралғанымды сарғая күтіп жүр.

Ответить

Читайте также

Здравствуйте дорогие умники :) Я уже долго ищю сочинение на тему моя любимая профессия на казахском языке. К сожалению я его не как и не нашол. Мне нужно

довольна краткое сочинение строчек 13-15 думаю хватит даю 20 баллов. Сочинение пусть будет на любую тему кроме учителя библиотекаря :)



Вы находитесь на странице вопроса "сочинение на тему моя мама на казахском языке", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.