Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Қазақтың ұлттық бұйымдары

5-9 класс

KagadeevaUlyana 13 марта 2014 г., 0:02:32 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Maksimov31997
13 марта 2014 г., 1:27:14 (10 лет назад)

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.  

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық, әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды.
Ата – бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдар Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінде де сақтаулы.
Сақина – жүзіктер. Сақина, жүзіктерді сиқырлы күші бар заттар деп қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина не жүзік салып жүруге тиіс болды. Бұл ретте қазақтың: «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» - деген қағидасы бар.
Сақина – жүзіктердің үш – төртеуі әдетте сәндік үшін киілген. Ал үлкен айтулы жүзіктерді мереке – тойларда егде әйелдер тағып шыққан. Қазақ халқы нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге тастап: «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасаған екен. Сақина мен жүзіктің киелігі мен қасиеттілігіне сену ғұрпы Шығысқа кең тараған түсінік.
Құдағи жүзіктер. Батыс Қазақстандық «құдағи жүзіктер» екі бастаудың, екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыз шешесі құдағиына салады.
Сырғалар. Әшекейлердің тіл – көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі – сырға. Ол әйел затының бала кезден бастап өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрлері бар. Ширатпа сырғалар шебер әшекейленгендігімен әрі нәзіктігімен ерекшеленеді. Ол жеңіл келген, қиюы жарасқан ширатпа сырғалар қоңырау қалыпты салпыншақтарымен жақсы үйлеседі. Халықтың көне діни сенімімен астарланып жатқан ай сырғалар бұрын да, бүгін де кеңінен таралған. Пішіміне орай бұл сырғалар космологиялық – ғарыштық нақыштармен әшекейленген. Ұзын шынжырлы ілдіргілерге бекітілген дөңгелек бітімді сырғалар да өте сәнді көрінеді.
Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған.

Білезік. Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады. Білезіктер жәй және топсалы болып бөлінеді. Сондай – ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы «бес білезік» деп аталады. Білезіктің ашпалы – жаппалы түрін қақпақ білезік дейді. Иіліп істелетін жұмыр білезіктердің екі қоспасын кигенде жыланның бас пішініне келтіріп, ортаңғы бөлігін жуандау етіп жасайды. Формасы ХХ ғасырда қалыптасқан сағат білезік түр ерекшелігімен қызықтырады. Қыздардың тағуы үшін нәзік те сымбатты өрнектеліп жасалатын жұқа селдір білезіктердің іс –мәнері де арнайы атап өтуге тұрарлық.
Қапсырма. Қапсырма, қаптырма, ілгектер ілмек пен сақина тәріздес дөңгелекшелерден құралған екі бөлшектен тұрады. Зергерлер қапсырмалардың гүл, жапырақ, таңба пішінде түрлерін соққан. Қаптырма камзолдардың түймелігі қызметін атқарады. Қапсырма киімнің екі өңірін біріне – бірін қаусырып тұру үшін белдің тұсына ғана, кейде жалпы сәндік үшін өңірдің ұзына бойына бірнеше жерден де тағыла береді.
Шекелік. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өзіндік пішімін сақтап қалған самайлық әшекейлер – шекелік көп тараған. Бұйымның композициясына назар аударсақ. Оның барлық құрамдас бөліктері – қалыпқа құйылған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес пішіндері әсемдік сымдармен жалғанып келіп, шілтерлі қондырғы құрайды да, ұзынша түзу өзекке бекітіледі.
Тұмарша. Әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер де өзінше қызықты. Олар – эстетикалық қызметпен бірге тіл – көзден қорғаушы қызметін қатар атқаратын: түмарша, бой тұмарлар. Тұмарда тылсым күш, қасиет бар деп саналған. Құран үзінділері, теңіз, өзен бақалшақтары, үкі қауырсыны, қой, түйе жүндері тұмардың ішіне салынатын болған.




+ 0 -
оЛьгА980
13 марта 2014 г., 3:03:29 (10 лет назад)

сочинение нужно?

Ответить

Другие вопросы из категории

Читайте также

1)Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы қандай? Отбасыңда күнделікті ұлттық тағамның қай түрін дайындайсыңдар?

2)Қазақтың ұлттық сусындары туралы не білесіңдер
3)Қазақ халқының еттен ұннан жасалатын тағамдарын бөліп айтып беріндер

Составить вопросы к тексту. Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей

кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары -ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары - бауырсақ, шелпек.

Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.

Здравствуйте.

Помогите пожалуйста с текстом на казахском на тему "Қазақтың ұлттық тағамдары". Можно про любое одно блюдо. Мне нужен текст понятный, желательно не из интернета. Большое спасибо)

СРОЧНО!!!

написать сочинение с энтолингвистичесими словами на тему Қазақтың ұлттық тағамдары на казахском языке
если не можете с энтолингвистическими словами напешите просто сочинение на казахском на эту тему
ПОМОГИТЕ!!!

переведите текст

қазақтың дастарқаны
қазақта дастарқаннан,дәмнен үлкен нәрсе жоқ.дастарқаннан аттамайды. дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. олар:ет, сүт, нан тағамдары. ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. сүт тағамдары-ірімшік, құрт, май. дәннен жасалған тағамдар-тары, қуырған бидай, жент, талқан. нан тағамдары - бауырсақ,шелпек.
тамақ ішуге шақырғанда,тамақты көп күттіруге болмайды.



Вы находитесь на странице вопроса "Қазақтың ұлттық бұйымдары", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.