Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 979 ответов!

презентация ҰлтыҚ киІм

5-9 класс

настя11213 19 нояб. 2015 г., 22:48:35 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Trabe
20 нояб. 2015 г., 1:13:58 (8 лет назад)

Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.


Айыр қалпақ
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.

Оқалы немесе зерлі шапа
Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.
Жарғақ шалбар
Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Тымақ
Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.
Ішік
Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісине қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, нышпақ ішік деп әртүрлі аталады.
Саптама етік
Саптама етік – қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.
Кимешек
Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Камзол
Камзол шапанға қарағанда ықшам, қысқа, кобінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.
Кебіс мәсі
Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер сылынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Бөрік
Бөрік – жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.
Тақия
Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.

Ответить

Другие вопросы из категории

помогите перевести, очень нужно!!!!

кем был Отебай Турманжанов?
он был наемным работником у богатого человека
как проходило его детство?
детство будущего писателя проходит в бедности и трудности
в какой газете опубликовали его стих?
его стих опубликовали в газете ''Ақ жол''

Читайте также

1)Автомобильмен саяхат жасау мүмкіндігінше қарапайым, жинақы, шаңнан қорғайтын киім киюді талап етеді.

2)Автомобильмен сапарға шығуға көшеде киетін киім де жарайды. Определите время глагола!!!Пожалуйста , помогите!)

1)сіз қандай киім тіккенді ұнатасыз? 2) зергерлік бұйымдардың қандай тұрлерін білесіздер?3)сіздің қолыңыздан киім тігу келе ме?4)технология сабағында

зергерлік бұйымдар жасайсыздар ма?5) киімді белгілі үлгіге қкарап тікккенді ұнатасыз ба? помогите пожалуйста!!!!!!!!!!

Сөйлемдергі зат есімдерге тиісті жалғауларды қойып жазып алындар. Етістіктердің шақтарын анықтандар. 1)Теннисшілерге түгелдей ақ киім кию

дәстүр.....(неге?)айналған 2)ер адам ...(кімдер?)шолақ немесе ұзын шалбар қысқа жең көйлек киеді.3)әйел ...(кімдер)шорты немесе қысқа белдемше киеді.4)Теннис ...(неге?) арналған аяқ киім...(ненің )ішінен шұлық киеді

Ответить на вапросы-1-Киім киерде адамның жас ерекшеліктерімен санасу керек пе?

2-Түнгі киімге не жатады?
3-Үйде киетін киім қандай болуы керек

киім тіккен кезде(қайшы,пышақ,шанышқы)қажеткиім тігу мен зергерлік бұйым жасау -(өнердің, сабақтың, тамақтың)бір түрікиім тігу үшін

(қағаз,мата,киіз)қажетзергер-(киім тігетін ,кітап жазатын, әшекей бұйымдар жасайтын)шебертігінші-(киім тігетін , кітап жазатын, әшекей бұйымдар жасайтын)шебер

помогите пожалуйста не могу понять что здесь нужно сделать!!



Вы находитесь на странице вопроса "презентация ҰлтыҚ киІм", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.