Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

эссе на тему "Наурыз мерекелері"

5-9 класс

Polina2014lipsk 10 июля 2015 г., 7:38:50 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Fifnfy
10 июля 2015 г., 8:52:16 (8 лет назад)

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. 
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш! ", "Бір тал ексең, он тал ек! ", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады! " деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! " - деп бата береді. 

Ответить

Другие вопросы из категории

сұмырай сөзіне эвфемизм
Ответьте на вопросы по казахскому, плиз! 1)Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай? 2)Соғымға нелер? 3)Соғым сойылғаннан кейін

міндетті түрде қандай таңам жасалады? 4)Қазақ халқында соғымға қатысты қандай салт қалыптасқан? 5)Сендердің отбасыларың соғым сойыла ма? 6)Соғымның етінен аналарың қандай тағамдар жасайды? Прошу, помогите! Мне надо до завтра, а то учитель убьёт!!!

Помогите с тестами! Пожалуйста


Вы находитесь на странице вопроса "эссе на тему "Наурыз мерекелері"", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.