Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

«Тым ерте замандарда қарағай да, сексеуiл де ойпаттардағы жасыл алқапта өседi екен. Бұлар қонысқа таласып: «Әрi отыр, берi отыр!» деп қыжақ болып, ең

5-9 класс

соңында, сойылдасып соғысыпты. Олардың арасына түсiп, арашалау ешкiмнiң қолынан келмептi. Тал терек ақылдасыпты да, бұлардың жасақ сайлап, соғысып жатқан майданына сел қаптатып жiберiптi. Сексеуiл селден қашып, шөлге кетiптi, қарағай судан қашып, тауға шығыпты. Сексеуiл мерген екен, қарағайдың өн бойын түйреген, iшкi бұтақтар сексеуiлдiң атқан оқтары екен. Қарағай найзагер екен. Сексеуiлдiң тұла бойындағы тыртықтар қарағайдың найзасынан қалыпты. Содан берi қарағайлар сексеуiл келiп қалмасын деп, тау басында тұрып қарауыл қарайды, ал қарағайдан қорыққан сексеуiл құм-шөлге бұғып, сояуын кезейдi. Қонысқа сыйыспай, соғысқан екi мықтының бiрi үркiп, тауға шығып, бiрi ығып, шөлге бұққан соң, кең өзендi өңiр тал мен терекке қалыпты».

Тал мен теректің әрекеті дұрыс па? Егер тап осындай әрекетті адамдар жасаса қалай БАҒАЛАР ЕДІҢДЕР?

ДҰРЫС ДҰРЫС ДЕП ОЙЛАЙТЫН СЕБЕБІМ....

КЕЛТІРЕТІН ДӘЛЕЛДІ ОЙЫМ:

ДҰРЫС ЕМЕС

ДҰРЫС ЕМЕС ДЕП ОЙЛАЙТЫН СЕБЕБІМ....

КЕЛТІРЕТІН ДӘЛЕЛДІ ОЙЫМ:

дзщх0хшщжлд 30 мая 2014 г., 17:23:18 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Alexkolesn
30 мая 2014 г., 19:43:30 (9 лет назад)

задание не понятно пии по яснее что надо делать скажы свой логин в агенте буду рад пока

 

Ответить

Другие вопросы из категории

помогите перевисти с русского на казахский сочинение можно только не через переводчик . Здравствуйте! Меня зовут Татьяна. Я учусь в 8 классе средней

школе номер 3. Мне 13 лет. Живу на улице советской 17.Наша школа очень большая. У нас большой школьный двор стадион и детская площадка.Моя школа трех этажная.Когда заходишь в школу с левой стороны находится гардеробная где ученики оставляют свою верхнею одежду . Потом вы проходите в фае нашей школы и дальше у нас идут кабинеты для младшего звена. На втором этаже находится спорт зал и актовый зал и так же и кабинеты. На третьем этаже находятся так же кабинеты и музей школы. Мой кабинет находится на 3 этаже это кабинет химии-биологии. Моего классного руководителя зовут Такишева Заурешь Досполовна. Она является учителем химии и биологии. Так же после школы я хожу в Музыкальную школу , посещаю факультативы. Приезжайте к нам в школу мы рады встречать гостей. Досведанья!

Пысыктауышы бар эссе керек еди
Найдите местоимения: Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар

азайып, жылдар өткен соң, мәлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет. Өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарғаа барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады. Елімізде табиғат байлағын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.

Пожалуйста подробней!!!!!!! и наче жалоба!!!!

И так приступим
Надо придумать любые 3 предложения на казахском и потом разобрать их по членам предложения бастауш баяндауш и Т.Д
Заранеее спс если надо помочь вам срадостью попробую

Читайте также

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

помогите первести текст на русский язык

Сексен сом
Ертеңгі шайын ішіп, қора-қопсысын оңдайын
деп Қараша іші болсада қар жаумаған, жер қара. Күзгі ауаға қыстың ызғары қосылып,
аспандағы сұр бұлтты ызғырықтау болып тұрған. Үйден шыққан тесік болып тұрған
лапастан соққан жел Егеубайдың шайдың шығарған терін жойып жіберді. Кабағын дапастың
алдында тұрып, ақтымақтың үзік бауы тысқа шығып бір-екі аттап жүре берем
дегенде қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды: «оңдап тастамасам болмас»
деп темір күрегін алып үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат тықыры мен
Егеубайды танып жем ізденіп оқыранып: «керек екен, сен түгіл балаларға да нан
жоқ!» - деді үһірлеп.Өзі шомына айналып,тастаған көңін үске салып жатқанда, біреу келіп:
-Ассалаумалейкүм! - деді. Өзі шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
көтеріп:
-Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің? Бір-екі басын көрінбей жүрсің?- деді
Тынымбай. Шомын басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай келдім дейсің бе? Не
жаңалық бар? «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты дегеннің ішінде бір сұсты жігіт бар,
сірә, бастығы болса жүріп кетті. Болысқа: «тез ақша жиып, сол ақшаны
ауылнайларға бөліп... Біздің ел басқа ауылға ауыстырдық. Сонымен қалған бөлгенде
сексен сомнан келді. «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жер безгек
болған кісідей қалтыранып, аузы «сексен сом!» деп айта берді.Егеубайдың неден
сасқаны оған жұмбақ, солып қалды ма деп, ол шегіне берді. «Бай салық» деді
Егеубай есін жиғандай боп.
- «Бай салықты» ескеріп
едік-ау, ауылнай ырық бермеді: «Бізде өлмелі кедей жоқ, бәрі де төлей алады» -
деп, лажсыздықтан көндік.
- Апырым-ау,
сексен сом дейді?! - деп Егеубай ілгері-кейінді жүрді.
Тынымбай кетіп отырды. Егеубай,
албар ішінде бірсыпыра жүріп, үйіне кірді. Қатыны Егеубайдың тозған
киімін жамап отыр еді. Егеубайды көзі шалуы-ақ мұң екен:
- Осы
үйде бүгін бір түйір шай жоқ. Қызыл келіннен қарызға шай алып ем, о да сұрайтын шығар. Шай қарастырып бақсайшы, - дейді.
- Қой
қатын, шайдың жөні болар,
мына сексен сомды айт! - деді.
- Қайдағы
«сексен сом?»
- Қайдағы
дерің бар ма, «Алашорда» ашылыпты, соның расқоты, салығы.
- Ордасы
не? - деп қатыны таңданып
еді.
- Білмесең
сұрама. Сен түгіл өзім де анық білмеймін, әйтеуір «алашорда»,
«ақша» дегеніне ғана түсіндім...
- Сорымыз
қайнаған екен ғой, - деп қатыны ауыр күрсінді.
Егеубай отырып терең ойға батты, дүние
кемшілігі, шаруасының ретсіздігі көз алдына елестеп, бір түрлі тынышсыздыққа
айналдырғандай болды.Бұдан бір ай бұрын «алаш» жігіттерін милиция қызметіне аттандырғанда,
өз аулынан шыққан Көркемтайдың баласына берілетін бес мың сом мен Еркебайдың
жорғасына төленген үш мың сомды бөлгенде де, үй басына 80 сомнан келіп еді. Егеубай
ол жиылыстың ішінде өзі де болып, 80 сомды төлемеймін десе де, жігіт жинай
келген делегатқа бір қулар «мынау большевик қарсылық қып тұр»
деп шағым беріп, Егеубай ұсталып қала
жаздап, 80 сомды біреуден қажет әперіп
зорға құтылып еді. Сол борышына қатынының былтырғы төркіндеп әкелетін жалғыз қызыл сиырдың тайыншасын беріп,
зорға құтылып еді. Мына сексен сомға орын жоқ. Алым ақшасын сұрап ауылнай бір
жағынан дігірлейді. Аршынын 12 сомнан алып ақшасын күз беремін деп, қатынына көйлек кигізген борышы тағы бар. Ералы
саудагерден 100 сомға бір тақта шай алып еді, соны да төлеген жоқ. Бірер қара болса да соғым
соймай тағы отыра алмайды. Күзгі алған
15 пұт егіннін сегіз-ақ пұты қалған. Шиеттей жас балаларды
нансыз тағы болмайды. Үй -іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде-бірін орындай алмай отырган Егеубайдың мойнына сексен сом, неғып саспасын?!-деп ауыр күрсінді. «Делегаттар келіпті» деген хабар іңір әлегіне түсті.
Мұны есіткенде Егеубайдың көз алдына елестей кетті. Бойы мұздап
қалтыранды. Сексен сомдар
жаналатын әзірейіл секілді көрінді.Тұла бойы, жүрегі дүрсілдеп, тамағына бір нәрсе тұрған секілді күйге
ұшырады. Қатыны шайын демдеп берсе
де , Егеубай
бұрынғыдай жадырап іше алмайды.
Сүт салмадан бір аяқ ішіп алып, «80 сом» мен ауылға келген делегат ақша табатын орын жоқ. Бермей тағы болмайды.Кесе
қолынан домалады. Асып-сасып, жамаулы күпіні киіп жүре бергенде, қатыны
дауыстады: Сорлы-ау, тымағыңды кисейші, құлағым ауырып жүр деп ең ғой, жел ұстар!..
Ауылнайдың үйі.
Төр алдында солдат киімді үш жігіт. Қара бұжыр жігіт іріленген түрмен жанындағы екі жолдасына бастық
тәрізденіп отыр.
- Ішіңдер, қонақтар, май жеңдер,
қарындарың ашар, - деп қояды ауылнай.
Егеубай апалақтап кіріп,
сасқанынан сәлем берді. Босаға жаққа отыра қалып:
- Аманбысың,
ауылнай? - деп еді, ауылнай ернін жыбырлатты да қойды.
Біраздан кейін жігіттерге:
- Мынау
отырған Егеубай деген қартымыз, бұл
кісіден сексен сом тиіс, - деді.
«Сексен сом» десе Егеубайдың
жаны, бар тұла бойы дір ете түседі.
- Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, - деді қара бұжыр.
- Ойбай,
шырағым, ақша жоқ!
- Ақша
жоқ деген не сұмдық? Біз
ондайды естімейміз!
- Не
көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, - деп жолдасы күңкілдеді.
- Отағасы,
ақша тап.
-

Помогите пожалуйста перевести, СРОЧНО НАДО!!!!

Мен Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері бір ғана моншаға барып жүремін. Оның қараңғылауына да, кірлеуіне де, кейде сағаттап күттіретін кезегіне де бойым үйреніп кетіпті. Басқа моншалардан маған мұның ыстығы да ыстық сезіледі.
- Сүпірга бар ма? – деймін ұйғыр шалына.Ол маған: – бағ! – дейді. Шынында «бар» да демейді, «бағ» да демейді, мен естіп – білмеген бір дауысты дыбысқа апарып соғады.
- Веник есть? – деймін орыс шалына.- Ол маған: – есть! – дейді.- Сыпыртқы бар ма? – деймін едәуір жасқа келіп қалған мосқал қазаққа.
Ол үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді.
Билет он бес тиын, сыпыртқы он тиын. Моншада осыдан басқа не бар сөз боларлық? Мен осы сөз аздыққа үйреніп кеткенім сонша, басқа моншаларға барғым келмейді.
Тим… Тимоша… Ким… Симка… Дим… Димка… осының бәрі бір-ақ адамның аты. Оның шын атын ешкім білмейді. Мен өзім сұраған емеспін. Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам. Жаңағы үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді дегенім осы кісі.-
Оден! – дейді ол моншаның ішкі есігін ашып, алдыңғы залда кезек күткен адамдарға. Бұл оның бір адам кірсін дегені.
- Назат! – дейді, біреудің орнына екі адам кіріп бара жатса. – Назат!
Кезегіңмен кірсең, билетіңді алады, орныңды көрсетеді, сыпыртқы сұрасаң, – береді. Сырт айналып жүре береді.-
Оден!
Бұл тоя жеп көрмеген, қызыға киініп көрмеген, жасынан – ақ өнімсіз еңбектен аса алмаған сорлы адам. Өзі де «оден», көптің бірі емес, жалғыздардың бірі.Бір күні ол маған жақынырақ келіп:
- Ағай, он сом ақшаңыз бар ма! Керек еді, – деді ыржиып.Ширек ғасыр ішінде маған тіл қатқаны да осы, ширек ғасыр ішінде менің бетіме тура қарағаны да осы.
Мен барымды бердім. Алды. Алғыс айтқан жоқ.
Содан кейін талай рет кезекте тұрып моншаға түсіп жүрмін. Кезек тым ұзақ болғанда кезексіз өткізер ме екен деп Тима – Димка – Симкаға талай жалтақтадым. Бірақ, оның көзі маған бір түскен емес. Кезегімен өткізеді, билетімді алады, сыпыртқы сұрасам, – береді, он тиынын алады, сырт айналып кете береді.
Екеуміздің арамызда әдетке айналған амандасу да жоқ, таныстық та жоқ. Аты – жөн сұрасу да жоқ. Ширек ғасыр бойында баяғы бейтаныс қалпымызда келе жатырмыз.
Бір күні тағы да сол моншада өзіміздің сүбелі жазушыларымыздың бірі кездесіп қалды. Ол менің арқамды біраз сабалап берді, мен оның арқасын сабалап бердім. Ол менің арқамды ысқылап берді, мен оның арқасын қызыл – шақа қылып бердім. Енді екеуміз жайkасып отырып алып қаланың жаяу өсегіне көше бергенімізде Тимканың «Назат!» деген қатты айғайы естілді. Шешінетін жерге өтіп кеткен біреуді шегіндіріп жүр. – Назат! Назат!
Осыған ұштасып біздің әңгімеміз де Тимкаға көшті. Менің сыбайласым Тимканың біраз қызық мінездеріне кездескен екен. Бір жолы Тимкадан сыпыртқы алғанда бір бес тиын, екі үш тиындық берген екен, Тимка бір тиынын қайырып беріпті… Мен жолдасыма өз басымнан кешкен жоғарыдағы әңгімені айттым. Кінәсіз – кінәратсыз күліп алдық.
Күлкі аяқтала бергенде сыбайласым маған шұғыл бұрылып
- Сен бұл әңгімені маған неге айтып отырсың? Әлде менің де қарыз сұрағым келіп отырғанын сезіне қалдың ба? – деді.
- Жоқ, сен қарыз сұраушы ма едің? Отыз баспа табақ кітабың баспада жатқан жоқ па?
- Бес ай кешігіп шығайын деп тұр.
- Пожалуйста, қанша керек еді?
- Екі жүз.
- Болады. Ертең соға кет!
- Бірақ, мен мына моншашыға ұсап жүз таныстықтан ажырасып кетеді екен деп қорықпа. Кітабым шыққан күні әкеліп беремін.
- Болды.

помогите перевести текст на русский, срочно, заранее спасибо

"«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан.Саябақ аумағына он
төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты,
Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар. Көл
шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың
келбеті бойжеткенді бейнелейді.Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен,
ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай
мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің
305 түрі бар. Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Бурабай
өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Жаз
айларында балалар лагері жұмыс жасайды.Бұл аймаққа денсаулығын түзету
мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен,
сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың
балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай."

Помогите пожалуйста с переводом! Батыс Казакстан облысының орталығы -Орал каласы. Орал тарихи окиғаларға бай кала.Қаланың ежелгі Жайық бойында тұрғанына

біраз уақыт болды. Орал қаласында орыстың атықты сықақшысы А.И. Крылов, орыс ақыны А.С. Пушкин болған. 1895 - 1906 жылдар аралығында Оралда атақты татар жазушысы Ғ. Толқай да тұрды. Қазақстандағы алғашқы зауыттар осы Орал қаласында пайда болған. Дүние жүзіне радио жасап берген А. С. попов Оралда дүниеге келген.



Вы находитесь на странице вопроса "«Тым ерте замандарда қарағай да, сексеуiл де ойпаттардағы жасыл алқапта өседi екен. Бұлар қонысқа таласып: «Әрi отыр, берi отыр!» деп қыжақ болып, ең", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.