Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Перевод Кейде қаламым жүрмей қалады. Таңнан кешке дейін алдымда жатқан ақ параққа ары үңіліп, бері үңіліп отырып, уақытты босқа өлтіріп аламын. Сондай

5-9 класс

сәттерде қала сыртына шығып, ой сергітіп қайтқым келеді. Кеше газетті Зырян қаласына апаратын жүргізуші ағаға «Зырянға мені ала кетіңізші» деп едім "Өзің біл" деді.

Біз жолға шыққанда жол бойы жауын жауды. Таза ауамен тыныстап, бір серпіліп қалғандай болдым. "Қазақтың бойындағы кең пейілділік осы шексіз де шетсіз болып көрінетін кең даладан дарыған-ау" деген ойға кеттім. Әр түрлі ойға жетелейтін мына бір көріністерге сіздер де куә болыңыздар…

Victor29127 13 янв. 2016 г., 13:46:01 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
алиии
13 янв. 2016 г., 16:26:39 (8 лет назад)

Текст слишком длинный да и вообще за перевод такого большого текста ты должен ставить 20 баллов и более

Ответить

Другие вопросы из категории

морфологический разбор слова:

Кызыл жасыл коныр асем улкен

текст на любую тему срочо с переводом

кто за 13 минут сделает ну очень крут
заранье СПАСИБО
Викусик

Читайте также

Переведите пожалуйста!!

Қыстың қақаған суық күні болатын. Асан наубайханадан нан алып үйіне келе жатқан еді.Кенет көзі сүйектері арсиған қараусыз жүрген бір итке түсіп еді,оның жалынғандай қыңсылап, себетіндегі нандарына қарап тұрғанын байқады.Асанның бейшара итке жаны ашыды."Нанның біреуін итке берсем, анам ашуланатын шығар",-деп күбірлеп, сөйлеп қалды. Бірақ аш итке қарап аяп кетті, себетіндегі нанның біреуін алды да, иттің алдына бөліп-бөліп тастады.
наубайханадан Асанның соңынан келе жатқан бір кісі оларға қарап, күлімсіреп өтіп кетті.Ол кісі Асанның күбірін естіп, оған білдірмей себетіне бір нанын салып жіберді.асан оны байқамады, өйткені ол иттің нанды тоқтамай жеп жатқанына мәз болып отырған болатын. асан үйіне қарай асыға басып жүріп кетті.
Үйіне келгенінде, себетіндегі нандардың кемімегенін көріп, таң-тамаша болды.

ПЕРЕВЕДИТЕ ТЕСТ НА РУССКИЙ, ПО ПЕРЕВОДЧИКУ НЕПРАВИЛЬНО ПЕРЕВОДИТ!!!!

Бауырсақ халықтың тым ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Бидай ұнын ашытып ұзыншба немесе домалақ үлгіде дайындап, майға қуырып пісіреді. Бұл басқа нан тағамдарына қарағанда дәмді әрі көп сақталады. Қатып қалғанын да сүтке, шайға салып жесе, дәмі өзгермейді. Бауырсақ қазақ дастрақанының ажары. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақты дайындау үшін 3 кесе ұн, 10гр. ашытқы, 0,6 гр. кесе су, 0,7 кесе сүт, 2 жұмыртқа, 30 гр. маргарин, 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық қант және қуыруға 1-2 кесе өсімдік майы керек. Астарың дәмді болсын!

сократите пожалуйста текст, мини сочинение)) помогите пожалуйста, лапули))))) Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда

қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.

помогите первести текст на русский язык

Сексен сом
Ертеңгі шайын ішіп, қора-қопсысын оңдайын
деп Қараша іші болсада қар жаумаған, жер қара. Күзгі ауаға қыстың ызғары қосылып,
аспандағы сұр бұлтты ызғырықтау болып тұрған. Үйден шыққан тесік болып тұрған
лапастан соққан жел Егеубайдың шайдың шығарған терін жойып жіберді. Кабағын дапастың
алдында тұрып, ақтымақтың үзік бауы тысқа шығып бір-екі аттап жүре берем
дегенде қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды: «оңдап тастамасам болмас»
деп темір күрегін алып үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат тықыры мен
Егеубайды танып жем ізденіп оқыранып: «керек екен, сен түгіл балаларға да нан
жоқ!» - деді үһірлеп.Өзі шомына айналып,тастаған көңін үске салып жатқанда, біреу келіп:
-Ассалаумалейкүм! - деді. Өзі шыққан дауыстан шошып кеткендей, басын
көтеріп:
-Е, Тынымбаймысың, үйде ме едің? Бір-екі басын көрінбей жүрсің?- деді
Тынымбай. Шомын басынан түсіп, күрегін таяна тұрып сұрай келдім дейсің бе? Не
жаңалық бар? «Алашорда ашылды» дейді. Бес-алты дегеннің ішінде бір сұсты жігіт бар,
сірә, бастығы болса жүріп кетті. Болысқа: «тез ақша жиып, сол ақшаны
ауылнайларға бөліп... Біздің ел басқа ауылға ауыстырдық. Сонымен қалған бөлгенде
сексен сомнан келді. «Сексен сом» дегенде Егеубайдың таянып тұрған күрегі жер безгек
болған кісідей қалтыранып, аузы «сексен сом!» деп айта берді.Егеубайдың неден
сасқаны оған жұмбақ, солып қалды ма деп, ол шегіне берді. «Бай салық» деді
Егеубай есін жиғандай боп.
- «Бай салықты» ескеріп
едік-ау, ауылнай ырық бермеді: «Бізде өлмелі кедей жоқ, бәрі де төлей алады» -
деп, лажсыздықтан көндік.
- Апырым-ау,
сексен сом дейді?! - деп Егеубай ілгері-кейінді жүрді.
Тынымбай кетіп отырды. Егеубай,
албар ішінде бірсыпыра жүріп, үйіне кірді. Қатыны Егеубайдың тозған
киімін жамап отыр еді. Егеубайды көзі шалуы-ақ мұң екен:
- Осы
үйде бүгін бір түйір шай жоқ. Қызыл келіннен қарызға шай алып ем, о да сұрайтын шығар. Шай қарастырып бақсайшы, - дейді.
- Қой
қатын, шайдың жөні болар,
мына сексен сомды айт! - деді.
- Қайдағы
«сексен сом?»
- Қайдағы
дерің бар ма, «Алашорда» ашылыпты, соның расқоты, салығы.
- Ордасы
не? - деп қатыны таңданып
еді.
- Білмесең
сұрама. Сен түгіл өзім де анық білмеймін, әйтеуір «алашорда»,
«ақша» дегеніне ғана түсіндім...
- Сорымыз
қайнаған екен ғой, - деп қатыны ауыр күрсінді.
Егеубай отырып терең ойға батты, дүние
кемшілігі, шаруасының ретсіздігі көз алдына елестеп, бір түрлі тынышсыздыққа
айналдырғандай болды.Бұдан бір ай бұрын «алаш» жігіттерін милиция қызметіне аттандырғанда,
өз аулынан шыққан Көркемтайдың баласына берілетін бес мың сом мен Еркебайдың
жорғасына төленген үш мың сомды бөлгенде де, үй басына 80 сомнан келіп еді. Егеубай
ол жиылыстың ішінде өзі де болып, 80 сомды төлемеймін десе де, жігіт жинай
келген делегатқа бір қулар «мынау большевик қарсылық қып тұр»
деп шағым беріп, Егеубай ұсталып қала
жаздап, 80 сомды біреуден қажет әперіп
зорға құтылып еді. Сол борышына қатынының былтырғы төркіндеп әкелетін жалғыз қызыл сиырдың тайыншасын беріп,
зорға құтылып еді. Мына сексен сомға орын жоқ. Алым ақшасын сұрап ауылнай бір
жағынан дігірлейді. Аршынын 12 сомнан алып ақшасын күз беремін деп, қатынына көйлек кигізген борышы тағы бар. Ералы
саудагерден 100 сомға бір тақта шай алып еді, соны да төлеген жоқ. Бірер қара болса да соғым
соймай тағы отыра алмайды. Күзгі алған
15 пұт егіннін сегіз-ақ пұты қалған. Шиеттей жас балаларды
нансыз тағы болмайды. Үй -іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде-бірін орындай алмай отырган Егеубайдың мойнына сексен сом, неғып саспасын?!-деп ауыр күрсінді. «Делегаттар келіпті» деген хабар іңір әлегіне түсті.
Мұны есіткенде Егеубайдың көз алдына елестей кетті. Бойы мұздап
қалтыранды. Сексен сомдар
жаналатын әзірейіл секілді көрінді.Тұла бойы, жүрегі дүрсілдеп, тамағына бір нәрсе тұрған секілді күйге
ұшырады. Қатыны шайын демдеп берсе
де , Егеубай
бұрынғыдай жадырап іше алмайды.
Сүт салмадан бір аяқ ішіп алып, «80 сом» мен ауылға келген делегат ақша табатын орын жоқ. Бермей тағы болмайды.Кесе
қолынан домалады. Асып-сасып, жамаулы күпіні киіп жүре бергенде, қатыны
дауыстады: Сорлы-ау, тымағыңды кисейші, құлағым ауырып жүр деп ең ғой, жел ұстар!..
Ауылнайдың үйі.
Төр алдында солдат киімді үш жігіт. Қара бұжыр жігіт іріленген түрмен жанындағы екі жолдасына бастық
тәрізденіп отыр.
- Ішіңдер, қонақтар, май жеңдер,
қарындарың ашар, - деп қояды ауылнай.
Егеубай апалақтап кіріп,
сасқанынан сәлем берді. Босаға жаққа отыра қалып:
- Аманбысың,
ауылнай? - деп еді, ауылнай ернін жыбырлатты да қойды.
Біраздан кейін жігіттерге:
- Мынау
отырған Егеубай деген қартымыз, бұл
кісіден сексен сом тиіс, - деді.
«Сексен сом» десе Егеубайдың
жаны, бар тұла бойы дір ете түседі.
- Қане, отағасы, ақша шығарыңыз, - деді қара бұжыр.
- Ойбай,
шырағым, ақша жоқ!
- Ақша
жоқ деген не сұмдық? Біз
ондайды естімейміз!
- Не
көрмеген көк тұқыл дейсің, жалтаруын қарашы, - деп жолдасы күңкілдеді.
- Отағасы,
ақша тап.
-

Помогите пожалуйста перевести, СРОЧНО НАДО!!!!

Мен Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері бір ғана моншаға барып жүремін. Оның қараңғылауына да, кірлеуіне де, кейде сағаттап күттіретін кезегіне де бойым үйреніп кетіпті. Басқа моншалардан маған мұның ыстығы да ыстық сезіледі.
- Сүпірга бар ма? – деймін ұйғыр шалына.Ол маған: – бағ! – дейді. Шынында «бар» да демейді, «бағ» да демейді, мен естіп – білмеген бір дауысты дыбысқа апарып соғады.
- Веник есть? – деймін орыс шалына.- Ол маған: – есть! – дейді.- Сыпыртқы бар ма? – деймін едәуір жасқа келіп қалған мосқал қазаққа.
Ол үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді.
Билет он бес тиын, сыпыртқы он тиын. Моншада осыдан басқа не бар сөз боларлық? Мен осы сөз аздыққа үйреніп кеткенім сонша, басқа моншаларға барғым келмейді.
Тим… Тимоша… Ким… Симка… Дим… Димка… осының бәрі бір-ақ адамның аты. Оның шын атын ешкім білмейді. Мен өзім сұраған емеспін. Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам. Жаңағы үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді дегенім осы кісі.-
Оден! – дейді ол моншаның ішкі есігін ашып, алдыңғы залда кезек күткен адамдарға. Бұл оның бір адам кірсін дегені.
- Назат! – дейді, біреудің орнына екі адам кіріп бара жатса. – Назат!
Кезегіңмен кірсең, билетіңді алады, орныңды көрсетеді, сыпыртқы сұрасаң, – береді. Сырт айналып жүре береді.-
Оден!
Бұл тоя жеп көрмеген, қызыға киініп көрмеген, жасынан – ақ өнімсіз еңбектен аса алмаған сорлы адам. Өзі де «оден», көптің бірі емес, жалғыздардың бірі.Бір күні ол маған жақынырақ келіп:
- Ағай, он сом ақшаңыз бар ма! Керек еді, – деді ыржиып.Ширек ғасыр ішінде маған тіл қатқаны да осы, ширек ғасыр ішінде менің бетіме тура қарағаны да осы.
Мен барымды бердім. Алды. Алғыс айтқан жоқ.
Содан кейін талай рет кезекте тұрып моншаға түсіп жүрмін. Кезек тым ұзақ болғанда кезексіз өткізер ме екен деп Тима – Димка – Симкаға талай жалтақтадым. Бірақ, оның көзі маған бір түскен емес. Кезегімен өткізеді, билетімді алады, сыпыртқы сұрасам, – береді, он тиынын алады, сырт айналып кете береді.
Екеуміздің арамызда әдетке айналған амандасу да жоқ, таныстық та жоқ. Аты – жөн сұрасу да жоқ. Ширек ғасыр бойында баяғы бейтаныс қалпымызда келе жатырмыз.
Бір күні тағы да сол моншада өзіміздің сүбелі жазушыларымыздың бірі кездесіп қалды. Ол менің арқамды біраз сабалап берді, мен оның арқасын сабалап бердім. Ол менің арқамды ысқылап берді, мен оның арқасын қызыл – шақа қылып бердім. Енді екеуміз жайkасып отырып алып қаланың жаяу өсегіне көше бергенімізде Тимканың «Назат!» деген қатты айғайы естілді. Шешінетін жерге өтіп кеткен біреуді шегіндіріп жүр. – Назат! Назат!
Осыған ұштасып біздің әңгімеміз де Тимкаға көшті. Менің сыбайласым Тимканың біраз қызық мінездеріне кездескен екен. Бір жолы Тимкадан сыпыртқы алғанда бір бес тиын, екі үш тиындық берген екен, Тимка бір тиынын қайырып беріпті… Мен жолдасыма өз басымнан кешкен жоғарыдағы әңгімені айттым. Кінәсіз – кінәратсыз күліп алдық.
Күлкі аяқтала бергенде сыбайласым маған шұғыл бұрылып
- Сен бұл әңгімені маған неге айтып отырсың? Әлде менің де қарыз сұрағым келіп отырғанын сезіне қалдың ба? – деді.
- Жоқ, сен қарыз сұраушы ма едің? Отыз баспа табақ кітабың баспада жатқан жоқ па?
- Бес ай кешігіп шығайын деп тұр.
- Пожалуйста, қанша керек еді?
- Екі жүз.
- Болады. Ертең соға кет!
- Бірақ, мен мына моншашыға ұсап жүз таныстықтан ажырасып кетеді екен деп қорықпа. Кітабым шыққан күні әкеліп беремін.
- Болды.



Вы находитесь на странице вопроса "Перевод Кейде қаламым жүрмей қалады. Таңнан кешке дейін алдымда жатқан ақ параққа ары үңіліп, бері үңіліп отырып, уақытты босқа өлтіріп аламын. Сондай", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.