Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

жайлауда такырыбына ангиме

1-4 класс

Kalina08 15 июня 2014 г., 9:42:42 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Elinabataeva1
15 июня 2014 г., 11:55:41 (9 лет назад)

Жайлау Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларьшда қыстаудан көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді.
Жайлау — қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар — Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б.
Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.

Ответить

Другие вопросы из категории



Вы находитесь на странице вопроса "жайлауда такырыбына ангиме", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.