Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

сочинение на тему қазақ ұллтық киімдері пожалуйста срочняк надо респект большой от меня

5-9 класс

Lebedev200628 21 авг. 2013 г., 0:28:59 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Lizaveta247
21 авг. 2013 г., 1:10:22 (10 лет назад)

Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай – жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер жiгiт егеске түсерде, соғысқа барарда киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi – көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге – шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдерге— шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.

Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.

Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады.

Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ

Әйелдердің бас киімдері:

сәукеле бөрiк қарқара кимешек жаулық күндiк желек шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар) бүркенiш бергек қасаба тақия шылауыш жаулық

Ответить

Читайте также

Напишите пожалуйста сочинение на тему "Книга-ценный подарок" и пожалуйста не используйте переводчик там просто набор слов. Умоляю напишите завтра надо

сдавать=( И можно написать перевод на русский . ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ. Заранее спасибо *



Вы находитесь на странице вопроса "сочинение на тему қазақ ұллтық киімдері пожалуйста срочняк надо респект большой от меня", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.