Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 978 ответов!

110. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас жатпайтын сөйлемдерді тап

10-11 класс

A) Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ сен әлі жассың.
В) Әкесі ұрысса балаға, о да – достық.
C) Аттылар жақындаған сайын, төрелердің жүрегі орнына түсе бастады.
D) Келіншектер от жағып, қазанға ас салған соң, бұл да көңілдене бастады.
E) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.
111.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді тап
A) Емтиханды жақсы тапсыру керек.
B) Іздеген жетер мұратқа.
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
112.Анықтауышты тап
A) Кеше біз деректі фильм көрдік.
B) Жазға жақын ол да келіп қалар.
C) Жақын адамдар ғана туыстарына жаны ашиды.
D) Абай қатты қуанды.
E) Қызықты тақырыптар талқыланды
113.Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгіле
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
A) Жақсының
B) жақсылығын
C) айт
D) нұры
E) тасысын
114.Анықтауышты тап
Мен бұл әңгімені инженерге айттым.
A) айттым
B) инженерге
C) бұл
D) мен
E) әңгімені
115.Сөйлемнен анықтауышты тап
Ағам екеуміз бес жүз тоқсан сиыр өсіреміз.
A) өсіреміз
B) сиыр
C) бес жүз
D) ағам екеуміз
E) бес жүз тоқсан
116. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта
Кең болсаң, кем болмайсың.
A) Қарсылықты бағыныңқы
B) Шартты бағыныңқы
C) Қимыл-сын бағыныңқы
D) Мақсат бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы
117. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта
Үйдің іргесі мықты болмай, шаңырақтың өзі де мықты болмас.
A) Қарсылықты бағыныңқы
B) Шартты бағыныңқы
C) Қимыл-сын бағыныңқы
D) Мақсат бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы
118. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе
A) Қарсылықты бағыныңқы
B) Шартты бағыныңқы
C) Қимыл-сын бағыныңқы
D) Мақсат бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы
119. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта
Жақсы оқысаңдар, емтиханды жақсы тапсырасыңдар.
A) Қарсылықты бағыныңқы
B) Шартты бағыныңқы
C) Қимыл-сын бағыныңқы
D) Мақсат бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы
120. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта
Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.
A) Қарсылықты бағыныңқы
B) Шартты бағыныңқы
C) Қимыл-сын бағыныңқы
D) Мақсат бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы
121.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы.
В) Жаз шықса, жер көктейді.
С) Студенттер түгел келмегендіктен, сабақ басталмады.
Д) Жұрт сүйсінетіндей етіп, ол ән салды.
Е) Біз оқу үшін, Алматыға алыстан келдік.
122.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ.
В) Ол кеткелі, біз оны көргеніміз жоқ.
С) Сен келсең, киноға барар едік.
D) Менің бойым өскенмен, ойым піскен жоқ.
E) Тыңдаушылар сүйсінетіндей, ол ән салды.
123.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Менің бос емес екенімді біле тұра, көмекке шақырасың.
В) Таңертең ерте тұрып, мен дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын.
С) Күн ашық болса, студенттер өзенге балық аулауға барады.
D) Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді.
E) Шешесі жұмыстан келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды.
124. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Оқу қиын болса да, өте жақсы оқитын студенттер көп.
В) Өзеннен су ішіп, бұзаулар шөлдерін қандырды.
С) Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді.
D) Басым ауырған соң, жиналыстан сұранып кеттім.
Е) Абайдың әкесі қатігез болғанмен, шешесі қайырымды адам болатын
125.Cөйлемнің қай түрі?
Анардың бойы өскенмен, ойы піскен жоқ.
А) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем.
В) Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем.
С) Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлем.
D) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлем.
Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем.

SA04082003 01 февр. 2017 г., 11:09:58 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Peshkovaalena
01 февр. 2017 г., 12:39:33 (7 лет назад)

Я не знаю нгорзорщшгршвап керке

 

 

Ответить

Другие вопросы из категории

фонетический разбор слова дәстүрлі
помогите подготовиться к экзамену ответьте на эти вопросы в двух словах чтобы можно было выучить!!!

1.Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармалары.
2.Мұхтар Әуезов "Абай жолы" эпопеясындағы кейіпкерлерге тоқталып өтіңіз.
3.Ғабит Мүсірепов жайлы баяндаңыз. "Ұлпан" романы
4.Жамбыл Жабаев "Зілді бұйрық","Ленинградтық өренім" өлеңдеріне тоқталыңыз.
5.Әбділда Тәжібаев жайлы баяндау. "Теңізге", "Қара теңізге" өлеңдері

как будет по казахски 1700

Читайте также

27. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тап A) Ауа райы түзелді, орақ басталды B) Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ. C) Жүзіне қарама, өнеріне

қара D) Ексең егін, ішерсің тегін E) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен 28. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Құлақ естісе, көңіл біліп, Көз көрсе, шабыт келер. (Махмұд Қашқари) A) мезгіл бағыныңқылы B) шартты бағыныңқылы C) қарсылықты бағыныңқылы D) себеп бағыныңқылы E) мақсат бағыныңқылы 29. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды. A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 30. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Оқтың өзін алып тастағанмен, орны қалады. (Сайф Сарайи) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 31. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Білікті адам керекті сөзін айтқанмен, керек емесін бүгіп қалады. (Ахмет Йүгінеки) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 32. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Шекпен қанша тозса да, жаңбырға киюге жарайды. (Махмұд Қашқари) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 33. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Таңертең тұрған кезде, далада алғашқы қар жатыр екен A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 34. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Сауыт күші – қылышпен қылшылдатып ұрған кезде, Аттың күші – жігітті алып шығып тұрғанда. (Қорқыт) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 35. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, ұзын өлке бойында қалың шалғынды кең қонысқа созылып жатқан қалың ауылды көрді. (Мұхтар Әуезов) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 36. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі Орталарына Дәрмен келгенде, Оспан қуанып қалды (Мұхтар Әуезов) A) қарсылықты бағыныңқылы B) мақсат бағыныңқылы C) себеп бағыныңқылы D) мезгіл бағыныңқылы E) шартты бағыныңқылы 37. Хабарлы сөйлемді тап A) Жаңбыр жауып тұр B) Атың кім C) Тұр орныңнан D) Келші, қалқам, менің қасыма отыршы E) Баян сол жерде тұрсын 38. Сұраулы сөйлемді тап A) Ертең күн ашық болады B) Сен бүгін қайда болдың, не істедің C) Алақай, ағам келе жатыр D) Мына жұмысты тезірек бітірші E) Келе сала бар жұмысты аяқтап тастады 39. Лепті сөйлемді тап A) Аспан шайдай ашық B) Ол қандай адам C) Қазақстан халықтарының достығы жасасын D) Сабыр біздің үйге келсінші E) Ол туралы көп ойладым 40. Бұйрықты сөйлемді тап A) Сіз қызық адам екенсіз B) Оған жолдасың көмектессін C) Мен бүгін ерте тұрдым D) Сен сабаққа барасың ба E) Сен үйге бара бер

Привет всем! срочно нужен перевод текста на русский язык. Заранее большое спасибо!

Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барады. Онда Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда ұзақ оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық көрген Сұлтанмахмұт ауруға шалдығады. Қатты жүдеп-жадайды. Соның салдарынан медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы – бала оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. Мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген құмарлық айқын байқалады. Жас ақын өз талабын бүкіл ел қажеті, халық мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. Халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды. «Оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол лирикалық кейіпкер атынан сөйлеп, оның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді. Өлеңде ынталы жас ұрпақтың өнер-білім игерсек, өмірден керегімізді аламыз деген сенімі айқын берілген. Сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «Талиптерге» (шәкірттерге) атты өлеңінде ол замандастарына: «Ұйқы басқан миллатынды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады. Осы идеяны ақын «Оқуда мақсат не?» деген өлеңінде тереңдетіп, оқудың мақсаты – молда болып, ескілікті бағу емес, әкім болып, шен тағу да емес, өнер табу, халыққа пайдалы іс істеу деп түсіндіріледі. Өлеңде сондай жолды қуушыларды кекете сынау сарыны бар. «Жемтік көрсе тістей қататын» молданың арам мінезі мен «тілмаш боп, жем табуға» ұмтылушыларды ол жек көреді. «Қандай» 1912 жылы жазылған өлеңінде Сұлтанмахмұт қазақ халқының мәдениетке ұмтылмай, ұйқыда жатқанын шендестіре жырлайды. Ағын су мен ақпайтын судың бірдей еместігі сияқты, бір орнында тұрған мен жүргеннің де айырмасы бар, тұрмалық, алға басалық дейді. Мұнда да діни оқу мен орыс оқуын қарсыластыру бар. Қазақ халқының түбіне жеткен ескі оқуға ақын айрықша шүйлігеді. Сұлтанмахмұттың ағартушылық өлеңдерінің бас қаһарманы көбіне өзі («Ендігі бет алыс», «Туған еліме» т.б.), енді бірде зор үмітпен жоқ іздеген жастар болып отырады. («Оқып жүрген жастарға», «Талаптыларға»). Халықты батыс мәдениетіне жеткізуші де солар болуға тиіс. Жүре-келе «Шығамын тірі болсам» (1913), «Шәкірт ойы» (1917) деген өлеңдерінде ол өнер-білім идеясын үлкен романтикаға айналдырады. Ол кезде ақын оқу-білімді халықты надандық пен құлдықтан құтқарудың бірден-бір жолы деп түсінген, бұл идея мен тақырыпты шын жүректен толғанып жырлаған. Өлеңдерінің іші толған өмір тынысы, халық талабы. Қазақ феодалдарының бір тірегі шала сауатты молда-қожа, қажы-ишандар болған. Ислам идеологиясы мен тәжірибесіне бір жақты ден қойып қана қоймай, халықты прогреске жеткізу мүмкін емес еді. Осы үлкен халықтың мәселені Сұлтанмахмұт аса мол жырлаған. «Дін» (1910), «Соқыр сопы» (1911), «Айт» (1914), «Мағынасыз мешіт» (1912), «Шұбар қожа» (1920) деген өткір де сатиралық өлеңдерінде халыққа кері әсер жасап келген құбылыстардың бірі дүмшелер екенін айтады. «Айт» деген шығармасында ақын діннің байлар табының құралына айналғанын айтады. Айт, ораза, намаз ислам идеологиясымен байланысты дін мейрамы, әдет-ғұрпы болғандықтан, Сұлтанмахмұт бұлардың бәрін де ескіліктің шырмауы ретінде сынайды.



Вы находитесь на странице вопроса "110. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас жатпайтын сөйлемдерді тап", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.