Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Составить сочинение Улттык тагамдар 4 или 5 предложений

5-9 класс

6748535 01 янв. 2016 г., 10:18:20 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Tghgfdfbc
01 янв. 2016 г., 11:01:52 (8 лет назад)

Әсіп
Ол былай дайындалады: қойдың ішегін айналдырады, жақсылап жуады, тазартады. Оның ішіне ұсақтап туралған, аздап су құйып араластырылған ет, жүрек, бауыр, күріш, тұзды салады, ішектің аузын түйіп, суға салып 50-60 минут қайнатады. Қазанда қайнап жатқан әсіпті істікпен түйреп, желін шығарып отырады. Қойдың ішегінің орнына бүйенін де пайдалануға болады. Әсіпті ақ дастарханға әкеліп қоярда оны ыстықтай немесе суытып, дөңгелектеп кесіп әкеледі.

Кей жерлерде бауырдың орнына жүректі жарғанда шыққан қанды қосады. Негізінен, қазақтар жүректі пышақпен бөліп, ішіндегі қанын жуып тастайды. Күрішті ішекке салмас бұрын бір бұрқ еткізіп қайнатып алады. Бірқатар елді мекенде жүрек пен бүйрек, етті алдын-ала ет турағыштан өткізіп алып ішекке тығады. Мұндай әсіпті суда 40 минуттай ғана қайнатады.

Мипалау
Малдың басы мүжіліп болған соң миы алынады. Оны тостағанға салып, үстіне жамбастың етек май ұсақтап турап қосады да, оған сарымсағы бар тұздық құйылады. Ми мен май, тұздық жақсылап тұрып араластырылып, қонаққа ұсынылады. Бұл тағамды мипалау деп атайды. Қойдың миын табақтағы еттің үстіне де салуға болады. Ал оны мипалау жасап жесе, ол өте дәмді.

Мишұжық
Оны былай әзірлейді: миды суық су құйып, 1-2 сағат суға малып қояды. Оны жоғарғы қабатынан, ұйыған қанынан тазартады. Қойдың немесе сиырдың жұмсақ етін ұсақтап турап, ет тартқыштап өткізіп, 1 бас пиязды тазартып, ұсақтап кесіп, күрішті тазалап, суық сумен жақсылап жуып, миды, етті, күрішті, пиязды жақсылап араластырады, оған тұз, қара бұрыш қосып, қою көжеге айналғанша суық су құяды. Осы турамамен ішекті толтырып, екі жағын байлап бекітеді. Қазанға асқанда түйреп, желін шығарып отырады. Мишұжық – адам ағзасына өте пайдалы тағам.

Ответить



Вы находитесь на странице вопроса "Составить сочинение Улттык тагамдар 4 или 5 предложений", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.