Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

жиренше аскан акылды

10-11 класс

AlenWant 20 апр. 2014 г., 10:25:24 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Умник1234521
20 апр. 2014 г., 10:56:47 (10 лет назад)

Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауылдың тұсына келсе, ауылмен екі арада өзен суы тұрған соң, өткелін біле алмай сасып тұрғанда, судың ар жағынан су алуға шелекпен бір қыз келді дейді. Жиренше дауыстап сұрады:- Бұл өзеннің өткелі қайда? — деп.Қыз айтты:- Анау жақта бір өткел бар алыс, алыста болса жақын, берірек бір өткел бар жақын, — жақын да болса алыс. Мұның не сөз екенін аңғармай, Жиренше жақын деғен өткелге барып, жүріп кетіп еді, судың орта жеріне барғанда аты омбылап жығылып, үсті-басы былғанып, азар-мазар қайтып шықты. Сонан-соң алыста болса жақын деген өткелге барып, оп-оңай ар жақтағы қыздың үйіне келді. Үйіне кіріп отырған соң, Жиренше қызға қарап:- Жаным, қарным ашып алыстан келемін, тамағыңның тәттісін бер — деді.Қыз айтты:— Бір тамақ бар ащы, ащы да болса тәтті; бір тамақ бар тұщы, тұщы да болса ащы.Жиренше — ащы да болса тәтті деген тамағыңды келтір — деді. Қыз тұрып шанаштан бір уыс тұз алып, бір аяқшаға салып, Жиреншенің алдына қойды. Жиренше мұны көріп:- Жаным, құр тұзды қалай жеймін? — деді. Сонда қыз үндемей, тұзы жоқ қара көже құйып берді. Жиренше, өзі де данышпан ақылды кісі, ойлап отырып, бұл сөздерге түсінді; және өзінің үй иесінің берген мәзірін күтпей, тәтті тамағыңды бер деп сұрағанына ұялды. Сол істерінен Жиренше қыздың есті қыз екенін аңғарып, ақырында өзіне қатындыққа айттырып алды дейді. Қыздың аты Қарашаш-сұлу, жұртқа белгілі көркем, данышпан болған соң заманындағы хан күндеп, Жиреншемен қас болды. Бір күні ханның көңілі шапқан соң, асбасшылар алдына бір қаз пісіріп алып келіп қойысты. Жиренше қасында отыр екен, хан оған бұйырды:- Бұл қазды өзіме, ханымға, екі балама, және өзіңе, біріне артык, бірімізге кем жібермей бөліп бер; егер біреумізге бір мысқал артық-кем болса, өзіңді қатты жазаландырамын — деп. Жиренше қолына пышақ алып, әуелі қаздың басын кесіп ханға берді:- Тақсыір, сіз біздің басымызсыз, міне сізге бас — деп.- Екінші-хан ханымсыз болмас, ханым хансыз болмас, құс мұрынсыз болмас; олай болса ханым сіздің мойыныңыз деп, оған қаздың кеңірдегін кесіп алдына қойды.- Мынау екі балаңыз — сіздің екі қанатыныз, оларға міне қанат деп, қаздың екі қанатын кесіп койды.- Мен өзім, тақсыр, бас та емес, аяқ та емес, — орташа ғана адаммын, мынау құстың орта денесі маған лайық деп, қаздың қалған денесін өз алдына қойды дейді. Жана бір аз күн өткен соң, хан ақ аулай далаға шығып жүріп, домалап бара жатқан бір қаңбақты көріп, Жиреншеге бұйырды:- Барып қаңбактың көшу-қонуының қайда болатынын сұрап кел, жауабын дұрыс келтірмесеқ, жасауылдарға ұрдыруға бұйырамын — деп.Жиренше атын борбайға салып жіберіп шауып кетті де, қаңбақты қуып жетіп найзасымен шаншып тоқтатып, біраз тұрды-тұрды да, қайта ханға келіп айтты дейді:- Тақсыр, қаңбақтан бұйрығыңызша сұрадым. Қаңбақ айтты:- Сұрата жіберген хан тентек пе, сұрай келген сен тентек пе, көшерімді жел біледі, қонарымды сай біледі -деп.

Ответить

Другие вопросы из категории

сойлем мушелери жане онын сурактары
Помогите пожалуйста.

нужно найти антонимы к словам: тар, үлкен, жаңа, кәрі.

дулат бабатайұлы контрольная
У меня есть друг Алан
Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі,

Читайте также

жиренше аскан акылды
25 Б!Составить предложения с данными словосочетаниями :

Адемi дос
Ескi достар
Менiн досым
Акылды досы
Доска корсету
доста бар
Доспен кыдыру
Досты шакыру
достын мекен-жайы
достан естiдiм
Нагыз доспыз
Доспын...

акылды созинин синоними


Вы находитесь на странице вопроса "жиренше аскан акылды", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.