Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 977 ответов!

эссе на казахском на тему Язык

5-9 класс

СпАсИпОмОгИ 22 окт. 2014 г., 0:48:59 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Алекссандр
22 окт. 2014 г., 3:31:31 (9 лет назад)

Туған елім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, менде бірге өсемін,Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. В.И.Ленин: "Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. "Тіл туралы” заңдағы "Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған "Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты. "Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: "Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Ответить

Другие вопросы из категории

перевидите на казахский язык

Мое имя дал мне дедушка. Ему очень нравилось это имя потому что так звали его первую любовь. История у моего имени есть, я узнала ее из интернета. Мое означает великую княгиню.

Как переводится слово көптеп

Читайте также

Переведите пожайлуста на казахский язык правильно

Казахский язык-язык межнационального общения в Казахстане.Большая часть населения разговаривает на казахском языке.Во всех школах Казахстана ученики изучают казахский язык.Там они изучают правописание,произношения и многое другое.
Казахский язык-это язык который в Казахстане знает каждый и это огромное достижение !

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам пр

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам прошу))))))

ПЕРЕВЕДИТЕ НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК СРОЧНО Я обожаю игры с мячом, а больше всего люблю футбол. Это очень

интересная игра, полная азарта. Она пришла к нам из Англии, хотя еще в Древнем Египте и у индейцев майя были похожие игры с мячом. Сегодня футбол — самая распространенный вид спорта в мире. Миллионы людей занимаются им в свободное время, а поистине миллиарды смотрят мировые чемпионаты. Профессиональные игроки, звезды футбола, стали кумирами целых народов. Этот вид спорта развивает скорость, сообразительность, точность реакции и выносливость. Футболисты очень закаленные люди, ведь они гоняют мяч на свежем воздухе с ранней весны до поздней осени. Футбол является командной игрой и развивает сплоченность и командный дух. А больше всего меня привлекает непревзойденный азарт этой игры! Я сам тоже играю в футбол. С весны до осени мы гоняем мяч на спортплощадке и школьном стадионе. А зимой я занимаюсь футболом в крытом зале спортивного комплекса. Я еще не побывал на больших стадионах и на знаменательных матчах. Ходил. Но когда я вырасту, то обязательно поеду на серьезный чемпионат и увижу игру футболистов высокого класса.

ПЕРЕВЕДИТЕ НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

СРОЧНО

1) надо подобрать синоним на казахском языке.

үлкен, әдемі, ескі, тамаша, әйгілі, халық.



2) надо подобрать антонимы на казахском языке.

кең, кіші, таза, жаңа, аласа, жакын, ұзын, ірі.



Вы находитесь на странице вопроса "эссе на казахском на тему Язык", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.