Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 979 ответов!

қазақ тілден ереже тауып бересіңдер ме?

1-4 класс

Aleksandersedov 09 июля 2016 г., 10:50:15 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Zira2010
09 июля 2016 г., 11:51:41 (7 лет назад)

Сөйлем мүшелері екіге бөлінеды.
1.Тұраулы мүшелер-Баяндауыш,бастауыш
2.Тұрлаусыз мүшелер-анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш
Бастауыш-сөйлемде атау септігінде тұрып,іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.Сұрақтары:кім?не?кімдер?нелер?
Құрамына қарай:дара,күрделі,үйірлі
Баяндауыш-оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп,сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.Қай сөз табынан болса,сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
Құрамына қарай:дара,күрделі,үйірлі
Анықтауыш-зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.Сұрақтары:Қандай?қай?кімнің?ненің?неше?нешінші?қанша?қайдағы?қашанғы
Толықтауыш-іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.Сұрақтары:Кімге?неге?кімді?нені?кімде?неде?кімнен?неден?кіммен?немен?
Пысықтауыш-cөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін,мезгілін т.б) анықтайтын мүше.Сұрақтары:?қай?неліктен?не үшін?неге?не мақсатпен?қалай?қалайша?қайтіп?қашаннан бері?қайда?қайдан?

+ 0 -
Mbin
09 июля 2016 г., 12:31:31 (7 лет назад)

кандаи????

+ 0 -
Escobar37
09 июля 2016 г., 14:00:19 (7 лет назад)

БАСТАУЫШ БАЯНДАУЫШ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР

+ 0 -
Maniloun
09 июля 2016 г., 15:51:04 (7 лет назад)

Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді.

Ответить

Читайте также

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса,

шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

пожалуйста переводите текст қазақ халқының мінезіндегі ең жақсы қасиеттердің бірі - қайырымдылық.Қайырымдылық - қазақ халқының аса қымбатты дәстүрі. Қайыры

мсыз адамдарды жек көрген .Оларды өз ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде,өлеңдерінде күлкі етіп әшкерелеген.Мысалы, Алдаркөсе туралы аңыздарда Алдаркөсе қайырымсыз, сараң байларды күлкі етеді .1930 жылдары Ресейден, Украинадан,Кавказдан Қазақ-станға мыңдаған адамдар, отбасылар жер аударылып келгенде , қазақ халқы оларға үлкен қайырымдылық жасайды. Елде ашаршылық болса да , өздеріаш болса да ,оларды үйлеріне қабылдайды.

Помогите!Переведите слова в скобках!Бугін (понедельник).Мен (в школу) барамын.Мектепте (урок) оқимын.Бізде (сегодня) төрт сабақ.Қазақ тілі сабағында (я)

қазақша сөйлеймін.Математика сабағында (ты) есеп шығарасың.Ән сабағында (я) ән айтамын.Сурет сабағында (он) сурет салады.

Помогите Пожалуйста по Казахскому Языку !!! Пожалуйста Прошу!!! Надо Ответить На вопросы. 1.Фонетика дегеніміз не? 2.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 4.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? 5. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Оларды ата. 6.Қазақ тіліндегі буын түрлері қандай? 7.Қазақ тіліне тән неше дауыссыз дыбыс бар? Оларды ата. 8.Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі? 9.Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерге мысал келтір. 10.Ашық буыны бар сөздерге үш мысал келтір. 11.Өзін туралы айтып бер 12.Тұйық буыны бар сөздерге үш мысал келтір 13.Өзіңнің мекенжайынды айт 14.Бітеу буыны бар сөздерге үш мысал келтір.



Вы находитесь на странице вопроса "қазақ тілден ереже тауып бересіңдер ме?", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.