Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

Помогите составить диолог или презинтацию о Астане на казахском языке.

5-9 класс

Vinoghradov200 16 мая 2013 г., 11:57:13 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Sistema2009
16 мая 2013 г., 13:01:52 (10 лет назад)

Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл  саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді.

1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің құжаттарынан, баспасөзі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп, Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде «Қазақстанның ордасы Қызылорда» деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы азаматтар осылайша халық жадында , жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған «Астана» өлеңінен де аңғарылып тұр.

Ответить

Читайте также

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам пр

помогите нужна 15 пословиц про друга на казахском языке с переводам прошу))))))

Нужно перевести предложения на казахский язык. Пожалуйста помогите.

1. После занятия они пошли в библиотеку.
2. Документы он взял в канцелярии.
3. Они принесли сведения в деканат.
4. Моя мама после работы очень устала.
5. Поезд в Астану отправился вовремя.
6. Они воспитали хорошую дочь.
7. Мои друзья встретились в Сити центре.
8. Я перевел этот текст на казахский язык.
9. Они поверили мне.
10. Мы ждали его ровно час.
БУДУ ОЧЕНЬ ПРИЗНАТЕЛЕН.



Вы находитесь на странице вопроса "Помогите составить диолог или презинтацию о Астане на казахском языке.", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.