Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

Напишите сочинение на тему Здоровье на казахском языке(если можно с переводом)

10-11 класс

дирл 06 дек. 2014 г., 19:22:55 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Anastasia16
06 дек. 2014 г., 20:28:09 (9 лет назад)

Кіріспе.
Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызық- сыз әлем деп санаймын.
М.Монтень.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» – денсаулық , «логос» – ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді.Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Міне, жоғарыда айтылған қағидаларды жан- жақты дамытып , іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр.
ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым !
Жер саулығынан – адам саулығына.
Жер – біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп. Оларды атап айтатын болсақ:Ауаның ластануы,Судың ластануы;Планетаның радиоактивті элементтерімен ластануы,Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері,Радиоэкология;Мұнай өндірісі;Семей атом полигоны;Байқоңыр аумағыБалқаш аумағы т.б.
Ауаның ластануының жер саулығына тигізетін әсері.Адам әрекеті ауаны ластаумен қатар жерді де ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам саулығы үшін де, тіршілік үшін де, жер саулығы үшін де үлкен мән алады.Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе.Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы қалалардың үстін 2000-2500 м биіктікте газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микроптар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе адамдарды тұмау әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды.Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір, қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 1,13 процент өсіп отыратыны анықталды.Осындай жағдайлардың әсерінен адам организімінде неше түрлі аурулар пайда болуда.

+ 0 -
Artem08072002
06 дек. 2014 г., 22:20:47 (9 лет назад)

Комментарий удален

+ 0 -
Varvaranogovizi
06 дек. 2014 г., 23:05:48 (9 лет назад)

Комментарий удален

+ 0 -
Grigoryantssash
07 дек. 2014 г., 0:07:28 (9 лет назад)

Комментарий удален

+ 0 -
Katusha1233445556677
07 дек. 2014 г., 2:16:04 (9 лет назад)

Комментарий удален

+ 0 -
Alinagureva
07 дек. 2014 г., 3:48:22 (9 лет назад)

Комментарий удален

Ответить

Читайте также

ПОМОГИТЕ ПЕРЕВЕСТИ НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК,ПЕРЕВОДЧИК НЕ ПРАВИЛЬНО ПЕРЕВОДИТ!!!!!!!

Казахстан-это большая республика. В ней проживают люди разных национальностей. Столица Казахстана город Астана. Астана красивый город, здесь имеется много высотных зданий, памятников, административные учреждения, много школ, детских садов, колледжей, ВУЗов. Также есть культурно-развлекательные комплексы Думан, Мега, Азия парк, Хан шатыр, библиотеки, музей. Город находится возле реки Ишим. Государственным языком является казахский язык. Город Астана очень красив хотя ему 15 лет. Процветай моя столица!



Вы находитесь на странице вопроса "Напишите сочинение на тему Здоровье на казахском языке(если можно с переводом)", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.