Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

куз туралы олен керек еды тауып берындершы

10-11 класс


Nelli555 15 марта 2016 г., 7:41:06 (8 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Nastyademina17
15 марта 2016 г., 10:37:02 (8 лет назад)

         Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

+ 0 -
Жанбай Өзденбаев
20 окт. 2017 г., 14:13:12 (6 лет назад)

Жаз кетті кенеттен Кеудешесі кенептен, Белгісіздеу себеппен, Келте көйлек жаз кетті «Қош» деместен, кенеттен. Күздің мынау сыңайы – Күміс селеу самайы. Сәукеленіп қамысы Судың салқын маңайы. Мизам іліп гүліне Ұзады жаз шынымен. Үсті қырдың боз қырау «Уһлеген» түнімен. Озған күндер ілгері Көшкен құстай күздегі – Көкке қанша үңілсең Көрінбейді іздері. Жанбай Өзденбаев Күрсінгенмен күз бүгін Кеше тұрған жаз күліп, Болмай шықты мәңгілік, Дегенменен әлемді Керегі жоқ жазғырып. Шұрқ тесік үзігін, Бүркегенмен күзгі күн Сары айғыз бояуы Жауын жуған жүзінің. Үздігумен күздігүн, Серуен құрдық біз бүгін, Жас боп аққан сезімнің Тежемедік тізгінін. Күрсінгенмен күз бүгін, Меңдемесін сізді мұң: Кезі келіп сарғаю - Белгісі ол ізгінің. Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

Ответить

Читайте также

бидай туралы жумбак керек
тенызшы туралы сойлем керек
аже туралы макал мател керек еди


Вы находитесь на странице вопроса "куз туралы олен керек еды тауып берындершы", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.