Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 978 ответов!

өнерге құштар бала шығарма

1-4 класс

Dashakompanets1 08 сент. 2016 г., 12:59:05 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Katyasoshina
08 сент. 2016 г., 15:08:02 (7 лет назад)

Баланың дүниетаным аясын кеңейту бағытында көркемдік ізденістер жасау дегеніміздің өзі белгілі бір тұрғыда жас ұрпақты білімге жетелеу, өскелең буынға білім беру мақсаттарымен ұштасып жатары анық. Бұл орайда балалар әдебиетінің қай кезеңінде де оның алдындағы міндеттердің бірі балаға жаңа білім, қызықты да қажетті деректер беру болып келгенін ескерсек, бұл бағыттағы қазақ балалар поэзиясы өркенді даму жолында екені анық.Балалық шақ − адамның дүние сырын тануға деген құштарлығының аса белсенділік танытатын кезеңі. Естіген, көрген нәрселерінің бәрінің мәнін білуге құмар баланың өз көңіліндегі сан алуан сұрақтардың жауабын табу жолында үздіксіз ізденіс жасайтын, өз бетінше тауып-білген әрбір жаңалыққа айрықша ләззаттана қуанатын әрі есінде ұмытылмастай сақтап қалатын кезеңі де − осы балалық шақ.Сол себепті балалық шақ болашақ азаматтың дүниетанымын дұрыс бағытта қалыптастыруға, өнер-білім игеруге арналғаны абзал. Алайда бала түсінігінің үлкендерден айырмашылығы барлығы белгілі. Балаға өнер-білімді үйрену қажеттігін күні-түні уағыздағаннан гөрі, жан-дүниесіне әсер ету арқылы сезіндіру, іштей түйсінуіне септесу әлдеқайда пайдалы. Бұл ретте балалар поэзиясының мүмкіндігі аса жоғары және бұл мүмкіндік қазақ балалар поэзиясында сәтімен пайдаланылып келеді. Түп-тамыры әріде көне мұралармен, беріде Ыбырай, Абай шығармаларымен арқаулас өнер-білім тақырыбының кейінгі балалар поэзиясында кең ауқымда көрінуінің, маңызды мән иеленуінің бір сыры осында жатыр.

Ответить



Вы находитесь на странице вопроса "өнерге құштар бала шығарма", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "1-4" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.