Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

"...өзінің өлеңдерімен,ақындық қасиетімен әр қазақтың жүрегінде жазылған есім..."-кім туралы айтылған?

5-9 класс

Ксюшкаа9797 04 июля 2013 г., 10:10:10 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Ladyhitun
04 июля 2013 г., 11:53:21 (10 лет назад)

Ғалым Жайлыбай - қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
«Бұл қазақтың рухани әлемі үшін орны толмас қаза. Себебі, Қадір Мырзалиев өзінің өлеңдерімен, ақындық қасиетімен әр қазақтың жүрегіне жазылған есім.
Қадір Мырзалиев жайында жазылған.

Ответить

Читайте также

помогите сделать домашнее задание по казахскому языку . надо сделать синтаксический разбор на предложение "Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімеле

генде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда, қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғаны туралы айтылған.

Переведите маленький отрывок

Название произведений переводить не нужно
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПРОШУ!Я ДАЖЕ 20 БАЛЛОВ ПОСТАВИЛА ЗНАЮ ЧТО МНОГО НО ПЛИЗЗ!!(((

сказка Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

помогите перевести пожалуйста:

Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. С. өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет- ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. С. өлеңдері құрылысына қарай 7, 8,11 буынды болып келеді.

Переведите пожалуйста стихотворение Магжана Жумабаева

Cағындым



Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. "Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым. Жатқан үйім – қабырғасы қара тас, Жарық сəуле, жылы күнге жаны қас. Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас. Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, Есігімде мықты қара құлып бар. Кіп-кішкене терезелер темірлі, Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ағайынды туған елді сағындым. Əлдеқайда күн шығады, батады, Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. Қарар болсаң терезеден темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады. Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. Қоңырау қағып оятады ақырып, Тым болмаса сібірлеп те атпай таң. Бостандықта өткен күнді сағындым, Желдей зулап кеткен күнді сағындым. Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, Ойдағыны еткен күнді сағындым. Абақтының айға баға күні ұзақ, Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ. Ескі мола дəн дыбыс жоқ, тым-тырыс, Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ. Қара жылан – қалың ойлар қаптады, Шыбын жаным барар жерді таппады. Ойлар жейді жас жүректі жегідей, Тəңірі ием, таңың-дағы атпады! Ойыны бір құрдастарды сағындым, Тілегі бір жолдастарды сағындым. Келешекке бірге жоспар құрысқан, Сырласатын жан достарды сағындым. Уға толды жас жүрегім, жабықтым, Таныс дауыс ести алмай зарықтым. Не дегенін, не істегенін біле алмай, Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың! Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан, Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан. Жалындаған жас жүрекке не пайда, Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан? Жүрегіме жақын жанды сағындым, Жібек мінез, ақақ жарды сағындым. Айрыларда күншығыстан ағарып, Ақ жібектей шапақ таңды сағындым. Не көрсем де алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін! Қара елім, қалың қара ағашым, Қайраты мол айбынды ер, алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын. Қазағымды, қалың елді сағындым, Сарыарқамды – сайран жерді сағындым. Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, Арқадағы айдын көлді сағындым. Қуанышта:”Əй сені ме!” – дегендер, Күйініште мен үшін уайым жегендер. Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер. Тəңірі ие, өзің алшы панаңа, Тас бауырлар зарға құлақ сала ма? Баласынан тұтқын болып сарғайған, Кім жеткізер сəлемімді анама? Абақтыда айды, күнді жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым. "Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым!



Вы находитесь на странице вопроса ""...өзінің өлеңдерімен,ақындық қасиетімен әр қазақтың жүрегінде жазылған есім..."-кім туралы айтылған?", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.