Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

сочинение на казахском языке про город Шымкент

10-11 класс

Rita20202 19 марта 2015 г., 23:15:14 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Yfafyz
20 марта 2015 г., 0:09:21 (9 лет назад)

ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше, мұнда андроновшылар дәндік тары, бидай егіп өсірген, ірі қара мал ұстаған, қой баққан. Мыс пен қола металдарынан еңбек құралдарын – балта, пышақ, пішен шабатын шалғылар, қару-жарақ пен әшекейлер т.б. жасаған. Шымкент жерінде сақ тайпалары жасаған қола ұшты жебелер, қанжарлар тәрізді сақ қару-жарақтары табылған. Сақ ұрпақтары – кангюйлер б.з.д. І мыңжылдықта Сырдарияның орта ағысында аса қуатты Кангюй (Қаңлы) мемлекетін құра білді. Шымкент территориясында бірнеше елді мекендер болды. Олардың біразы қирағанмен, қазіргі автотұрақ территориясында, Шымкент фосфор зауытына жақын тұста және басқа да жерде табылғандарын мемлекет өз қорғауына алған. Моңғол дәуірінен кейін Шымкент ірі қалаға айналған. Оның қалдықтары – ескі қаланың қамалы қаланың орталығында, жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді, жер бедерінен 25 м биіктікке бой созған. Доға көлемі 30-45 м, бұрыш-бұрышында мұнаралар байқалады, кіреберіс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Бөлекше Сібір корпусының тәржімашысы Филипп Назаров бекіністі былай сипаттайды: «…Бадам өзені бойындағы (қала) биік дөңес басына салынып, жарқабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр. Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан ойып жасалған терезешелерден кіріп, қала ішінен қазылған арналарды толтырады, бірқатарына су-диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз салынған. Неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсу үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады». Қамал тұрған жерді қазғанда, екі құрылыс ашылған, олардың бірі – ХІХ ғасырға, ал екіншісі –ХVІІ-ХVІІІ ғасырға жатады. Табылған қыш ыдыстардың ХVІІІ-ХІХ ғасырға жатқызылуы да мүмкін. 

Ответить

Другие вопросы из категории

«Дүние де өзі, мал да өзіҒылымға көңіл бөлсеңіз...»

раскройте смысл в 2-3 предложениях

Помогите пож.

1. комитеті, Суретшілер, одагынінің, ұйымдастыру, құрылды, республика, 1933 жылы.
2. 1934 жылы, ашылды, Алматында, галереясы, Қазак мемлекеттік көркемсурет.
3. Кейінгі жылдарда, 2- дүниежүзілік соғыстан, барлық түрі, Қазақ бейнелеу өнерінің, ілгері, дамыды , кескіндеме, мүсіндеме, графика.
4 Қазақстан, суретшілерінің, еңбектері, үздік , ұлт өнерінің қазынасына, болып қосылды, асыл мұра.

бибинур есиминин магынасы
кайшы пикир ангме курау


Вы находитесь на странице вопроса "сочинение на казахском языке про город Шымкент", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "10-11" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.