Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 664 вопросов и 6 445 979 ответов!

Мен кеше бірнеше дүкіндерде болдым, мен жагғыс бармадым, мен Ленамен,Надямен, Ирамен бардым, Маған Әсемдік бүйымдар үнады, Ал Надяға үнамды, содан кейін

5-9 класс

Цунға бардық№

Uchenica0 11 июля 2016 г., 11:46:14 (7 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Viksatitova
11 июля 2016 г., 13:47:39 (7 лет назад)

Вчера я была в нескольких магазинах. Я была не одна. Со мной были Лена , Надя и Ира. Мне понравились красивые украшения, а Наде нет. Потом мы пошли в цум.

+ 0 -
Vadimvid2004
11 июля 2016 г., 14:26:49 (7 лет назад)

Комментарий удален

+ 0 -
KseniyaGG
11 июля 2016 г., 15:23:50 (7 лет назад)

Комментарий удален

+ 0 -
Sonne1996
11 июля 2016 г., 17:18:26 (7 лет назад)

Комментарий удален

Ответить

Другие вопросы из категории

Читайте также

Помогите пожалуйста перевести текст с казахского языка на русский.Сүйкімді достарым.Менің атым - Дарқан. Мен үш жануарларын өте жақсы көремін. Маған

ата-анам үйде көжектерді ұстауға рұқсат берді. Көжектерге шөп, жемін өзім беремін. Су құйып тұрамын. Астарын тазалаймын. Анаммен келісім солай болған, егер мен оларды жақсы бағып-күтсем, менің көжектерім біздің үйде тұра береді. Көжектерді торда ұстаймын, себебі олар жердің астын қазып, басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін.
Әсіресе маған көжектерді сыртынан бақылаған ұнайды, сондай қызық. Таңғаласын, сәбіз берсең, екі алдыңғы аяғымен ұстап тұрып, тез-тез жеп қояды. Суды да тез ішеді. Олар өте сүйкімді.
Менің күшігім де бар. Әкем туған күніме сыйлаған. Оның аты - Ақтабан. Олай атауымның себебі, ол өзі қап-қара, ал аяқтарының ұшы мен табандары аппақ. Сондай тынымсыз, ойнағанды, секіріп, жүгіргенді жақсы көреді. Құйрығы қыпқысқа, құлағы ұзындау, көзі доп-домалақ. Ақтабан берген бұйрықтарды түсінеді - "отыр" десең, отырады, "аяғыңды бер" десең, береді, таяқты алыска лақтырып, "алып кел" десең, алып келеді. Менің қасымнан кетпейді, құйрығын бұлғаңдатып, үнемі аяғыма оралып жүреді. Мен оны өте жақсы көремін. Осындай сүйкімді достарымды мектептен келгенше сағынамын.

перевидите текст: Кешкі астан соң Василий сабағына отырды. Ал Тишко менің әліппемді алып әріп

үйрете

бастады. Мен бұл алфавитпен таныс едім. Бірақ әкем үйреткенде Б мен В-ның,
К, Г және

X әрпінің, С мен Ц-ның, Е, И, Э және Й әріптерінің айырмасы жоқ сияқты
бірдей естілуші

еді. Ал Ъ, Ы, Ь әріптері дегенді естіген емеспін. Гончаровтар бәрін анықтап
ұзақ үйретеді.

Амал қанша, жуығырақта басыма қонар емес.



Ал, кәне, — Василий деп айтып көрші.



Басиль, — деймін мен оған.

—Жоқ, Басиль емес, Василий,—дейді Тишко,—түсіндің бе, В, Ва...



Бесиль, — деймін мен. Сөйтемін де одан — солай ма деп сұраймын.



Жоқ, тағы да дұрыс айтпай отырсың, Бе емес, Ва, Васи-лий. Түсіндің бе?

Олар осынау қиын әріптер кездесетін орыс және қазақ сөздерін мысалға
келтіреді. Бірақ

миыма кіріп жатқаны шамалы.

Орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталған еді.

Василий екеуміз мектепке қарай жүгірдік. Тысқа шықсақ, әр үйден кітап
ұстаған балалар

өріп келеді екен. Бізге келіп қосылған соң, бәрі мені түртпектей бастады.



Бұл, қай «қырғыз», Василь?



Бұл — біздің танысымыз Момыштың баласы, енді бізбен бірге оқитын болады, —

деді Василий.



Өзі орысша біле ме?



Аздап біледі. Үйреніп кетеді ғой.



Әліппені біле ме, жоқ па?



Оны аздап біледі.



Жазуын қайтеді?



Өзің қалай үйреніп ең? — деп дүрсе қоя берді Василий.



Сен сияқты бұл да үйренеді.



Өзі қайда тұрмақ?



Біздің үйде, менімен бірге тұрады, — деді Василий.

Осы кезде қоңырау үні естіліп еді, балалар мектепке

қарай жүгірді. Есік алдында көз нұры тайған, көнелеу тері құлақшын киген
шал кішкене

қоңырауды сілкілеп, безілдетіп тұр екен.

Класқа балалардың соңынан кірдім. Оқушылар шешініп, сыртқа киімдерін іліп
жатыр.

Оларды көріп мен де шапаным мен құлақшынымды шешіп, ең шеткі шегеге ілдім.

Мұғалім келді. Барлық оқушылар орнынан тұрды. Мұғалім сәлемдесіп еді,
оқушылар бәрі

де бір дауыспен «сәлеметсіз бе, Мария Ивановна» деді.

Сабақ басталды. Мұғалім әліппені ашты да, тақтаға қасымдағы қызды шақырды.
Ол үй

тапсырмасын тақылдап айтып берді. Бормен қара тақтаға үлкен әріптің
жазылғанын

тұңғыш рет сонда көрдім. Қыз бірнеше сөз жазды да, оны өшірген соң орнына
келіп

отырды. Тақтаға тағы бір бала шығып, әлгі сөздерді жазып еді, талай қате
жіберіпті.

Мұғаліміміз сол арада түзетіп көрсетті... Әрине, мен оның көбін түсініп
отырғам жок.

Екінші сабақта мұғалім оқушыларға тапсырма берді де, мені. шақырып алып
қасына

отырғызды. Әліппені ашып, жеке түсіндіре бастады.

— Көрдің бе, әліппені біледі, — деді Василий қасындағы балаға.

Мұғалім менен әліппені сұрады. Алфавиттің бәрін айтып бердім. Мұғалім ретті
жерінде

түзеп отыр. «Ве, Ка, Ха, Це, Ша, Ща, Че, Ю» деп ол мен дұрыс айтпаған
әріптерді

қайталады. Сонан соң әлгі әріптерді әдемілеп жеке жазды да:



Міне, осыларды жаттап кел. Оқу мен жазуды кейін бастармыз.

Енді ол әліппені ашты да, бір бетіндегі жазуды жаймен оқып шықты. Мағынасын

түсіндірді. Оқушылардың өздеріне оқытты

Үшінші сабақ— есеп екен. Қызықты өтті. Сабақ алдында мұғалім үйге берген
тапсырманы

шығардыңдар ма, деп сұрады. Оқушылар шығарып келіпті. Мұғалім тақтаға есеп
жазды.



Бәрің де осылай жазып келдіңдер ме? — деп сұрады.



Бәріміз де, — деп шу ете қалды оқушылар.

Мұғалім дәптерлерді тексеріп, қателерін көрсетті. Шығару жолдарын тақтаға
жазып

көрсетті. Сонан соң жаңа есеп түсіндіріп, үйге тапсырма берді. Оқушылар
тақтадан

тапсырма көшіріп жатқанда, мұғалім менің қасыма келді. Дәптеріме анықтап
тұрып онға

дейін сандарды жазып берді.



Один — бир, два — еки, три — үш, четыре — торть, — деп аудармасымен

түсіндіре бастады. Маған қайталатып еді, мүдірмей санап бердім. Өйткені
орысша жүзге

дейін мүдірмей санай алатынмын. Оқушылар мен жаққа райсыз қарап қапты.
Мұғалім

оларға жауап бергендей: — Иә, орысша санай біледі екен, — деді.

Мақтауға мәз болып, жиырмаға дейін санадым.



Жақсы, — деп құптады мұғалім, — бірақ «дбанасат» емес — «двенадцать,

тринадцать» деп айт. «Шеснасат» емес, — «шестнадцать». «Дебетнасат» емес —

девятнадцать». Түсіндің бе? — деп сұрады. Василийге де менің дұрыс айтуымды

қадағалауды тапсырды.

Менің орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталып еді.

Гончаровтардың көмегімен мен жаман оқығам жоқ. Кемпір мен шалдан басқасы
маған

қамқор болып, сабақ үйретеді. Шал мен кемпірдің өздері сауатсыз еді.
Есептен жүйрік боп

шықтым. Бірақ есеп жолдарын дәптерге ретімен жаза бермейтінмін. Ойша
шығарып,

жауабын ғана жаза салам. Мұғалім бұған қиналатын. Сабақ сайын есеп жолдарын
жазуды

түсіндіреді. Тілді нашар білетіндіктен мұғалімнің түсіндіргенін шала-пұла
ұғушы ем.

Бірақ ол үйретуден жалыққан емес.

Әліппе оқитын болдым. Дәптеріме де бірлі-жарым өрнектер түсе бастады. Көп
сөзді

түсінбесем де, көшіре беретінмін. Сөздің мағынасына мән бермесем де, жаттап
алушы

ем...

Күн сайын орыс балаларымен достасып, оқуым да жақсара берді...

Переведите пожалуйста! только не в переводчике!Астанаға саяхат, Шілде айында біз отбасымызбен Астанада болдық, астаның

архитектурасы мені таңқылдырды,не деген уйлер,!Конресс- холл,Байтерек,тағы да көптеген монументтер,Астана қаласы Есіл өзенінң бойында орналасқан,Біз кемеге отырып Есіл бойымен серуендедік,Келесі күні біз'Думан' центірінде болдық,Оның ішінде көптеген қызықты ойын-сауық кешендері бар,"Океанариум"-таңғажайып мұхит әлемі,балықтың сан алуан түрлері бар,Маған ұнағаны ақ акула,үлкен тасбақалар,Ал 'Джунгли"атты шоуда өткен дәуріміздегі динозаврлар,крокодилдер,кинодағы Кинг-конгта бар,Менің Астанаға барған саяхатым осындай!

Переведите пожалуйста стихотворение Магжана Жумабаева

Cағындым



Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. "Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым. Жатқан үйім – қабырғасы қара тас, Жарық сəуле, жылы күнге жаны қас. Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас. Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, Есігімде мықты қара құлып бар. Кіп-кішкене терезелер темірлі, Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ағайынды туған елді сағындым. Əлдеқайда күн шығады, батады, Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. Қарар болсаң терезеден темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады. Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. Қоңырау қағып оятады ақырып, Тым болмаса сібірлеп те атпай таң. Бостандықта өткен күнді сағындым, Желдей зулап кеткен күнді сағындым. Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, Ойдағыны еткен күнді сағындым. Абақтының айға баға күні ұзақ, Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ. Ескі мола дəн дыбыс жоқ, тым-тырыс, Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ. Қара жылан – қалың ойлар қаптады, Шыбын жаным барар жерді таппады. Ойлар жейді жас жүректі жегідей, Тəңірі ием, таңың-дағы атпады! Ойыны бір құрдастарды сағындым, Тілегі бір жолдастарды сағындым. Келешекке бірге жоспар құрысқан, Сырласатын жан достарды сағындым. Уға толды жас жүрегім, жабықтым, Таныс дауыс ести алмай зарықтым. Не дегенін, не істегенін біле алмай, Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың! Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан, Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан. Жалындаған жас жүрекке не пайда, Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан? Жүрегіме жақын жанды сағындым, Жібек мінез, ақақ жарды сағындым. Айрыларда күншығыстан ағарып, Ақ жібектей шапақ таңды сағындым. Не көрсем де алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін! Қара елім, қалың қара ағашым, Қайраты мол айбынды ер, алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын. Қазағымды, қалың елді сағындым, Сарыарқамды – сайран жерді сағындым. Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, Арқадағы айдын көлді сағындым. Қуанышта:”Əй сені ме!” – дегендер, Күйініште мен үшін уайым жегендер. Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер. Тəңірі ие, өзің алшы панаңа, Тас бауырлар зарға құлақ сала ма? Баласынан тұтқын болып сарғайған, Кім жеткізер сəлемімді анама? Абақтыда айды, күнді жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым. "Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым!

менің дүниеде барлығынан артық көретін досым БОЛҒАН... Оның аты - Айнұр еді. Мен оны қатты сыйлағам. бірақ мен оның біреуді менен артық көретінін

білмеппін. Екеуіміз қазір тіпті бір-бірімізге сәлем демейміз де! Ал бұрын қандай едік!!! Әй, мүмкін көз тиген шығар! Не болғанын айтайын: Бір күні алгебра сабағында менің қасымда отыратын бала сұранып кетіп қалды да, мен жалғыз отырып қалдым. Сосын мен Айсұлудың қасында отырған өзімнің жан досыма : "бері кел қасыма!" деп едім, Айсұлу Айнұрға "отырма" деп айтып қалды. Сосын Айнұр маған: "мен отырмаймын" деп айтты. Сосын екеуі сыбырласып, маған қарап күлді. Содан кейін мен Айнурамен сөйлеспеймін. Біреудің айтқанын істеп жүрсін дедім де қойдым. Бірақ қазір жалғызсырап жүрмін. Оны сағынамын. Кеше Айнұрдың Айсүұлуға асханадан қалай тоқаш алып бергенін көріп, ішім өртеніп кете жаздайды. Айнұр мен Айсұлу бір-бірінен бір елі ажырамайды. Шынымен, Айнура мені тастады ма, жоқ әдейі істейді ма, ия болмаса, оны солай істеуге біреу мәжбүр етті ма? Мен өз досымды қайтарғым келеді. Бұл үшін ең алдымен не істеуім керек? Жәрдем сұраймын!!!"

Можете перевести этот текст плиз!!! Только не припомощи переводчика!!!



Вы находитесь на странице вопроса "Мен кеше бірнеше дүкіндерде болдым, мен жагғыс бармадым, мен Ленамен,Надямен, Ирамен бардым, Маған Әсемдік бүйымдар үнады, Ал Надяға үнамды, содан кейін", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.