Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 976 ответов!

кто такой Баржан сал Кожагулугы?

5-9 класс

Ami9898 07 марта 2015 г., 13:52:59 (9 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Klementevamasha
07 марта 2015 г., 14:26:38 (9 лет назад)

Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы — 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.

Ответить

Другие вопросы из категории

Вставить окончания: Тіл - ата... қалған асыл мұра. Тіл - асыл ой... бұлағы. Тіл - ел басқару... құралы. Тіл - тәуелсіздік...

тұғыры.Тіл - елдігіміз... іргетасы. Тіл - білім, тәрбие... тұғыры. Тіл - татулық тірегі. Тіл - достық... мерейі. Әдеп... басы - тіл. Тілді қорлау - халық... қорлау. Ұлттың қуаты - тілі... .

перевидите Қазір

бұл кесенелер-тарихи мұражайлар. Түркістан кесенесі-дүниежүзілік мәдени мұралар
қатарына жататын аса үлкен ескерткіш.

Читайте также

я пишу на ноуте,где нет казахского шривта.вопросы напишу на русском ответы пожалуйста на казахском!!!

-кто такой Мухтар Ауэзов?
-какие произведения написал Абай Кунанбаев?
-какое произведение было написано Мухтаром Ауэзовым про А.Кунанбаева?
заранее спасибо

кто такой марат башмакинанов
кто такой Асан кайгы


Вы находитесь на странице вопроса "кто такой Баржан сал Кожагулугы?", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.