Статистика
Всего в нашей базе более 4 327 663 вопросов и 6 445 978 ответов!

сочинение Алматы Қаласы

5-9 класс

12345никита12345 17 июня 2013 г., 19:15:07 (10 лет назад)
Рейтинг
+ 0 -
0 Жалоба
+ 0 -
Wooolf
17 июня 2013 г., 21:45:42 (10 лет назад)

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр.                                                   Это моё старое сочинение

+ 0 -
СШАмерика
18 июня 2013 г., 0:18:03 (10 лет назад)

Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.

Ответить

Другие вопросы из категории

Задание:

Көп нүктенің орнына тиісті модаль сөздерді қойып жазыңдар.

Керекті модаль сөздер: тиіссің , шығарсың , керек , тиіссіз , шығар , әрине .

1.Менің таңертең ешқайда шықпауым ... .
2.Бәлкім сен оларға айтқан ... .
3.Мен , ... , саған сенемін.
4.Сіз мені түсінуге ... .
5.Сен осы оқуға түсуге ... .
6.Біздің шындықты білуіміз ... .
7.Ол бүгін ерте келетін ... .

Читайте также

просклонять Алматы қаласы
1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.
B) 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж.
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.
B) Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
B) Алматы қаласы.
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.
D) Достық.
E) Қамқорлық.
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
B) А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
B) 1864 ж. Торғайда.
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
B) Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья.
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.
B) Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

Из предложений нужно составить вопросы помогите пожалуйста)))

1)Өндіріс дамыған елдерде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі алғашқы тыбиғи тіршілігінен айырылып қалмақ .
2)Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы керек.
3)Қоршаған ортаны,табиғатты аялай,құрметтей білейік.
4)Елімізде табиғат быйлығын қорғап,сақтайтын қорықтар көп.
5)Алматы мемлекеттік қорығы Алматы қаласы маңындағы Алатау тауларының табиғи байлықтарын қорғау үшін құрылған.



Вы находитесь на странице вопроса "сочинение Алматы Қаласы", категории "қазақ тiлi". Данный вопрос относится к разделу "5-9" классов. Здесь вы сможете получить ответ, а также обсудить вопрос с посетителями сайта. Автоматический умный поиск поможет найти похожие вопросы в категории "қазақ тiлi". Если ваш вопрос отличается или ответы не подходят, вы можете задать новый вопрос, воспользовавшись кнопкой в верхней части сайта.